Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының ауылдық округтері әкімдеріне кандидаттардың таңдаушылармен кездесулер өткізу үшін үй-жайды және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар анықтау туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 5 шілдедегі N 221 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 12 шілдеде N 2320 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 16 қыркүйектегі N 324 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 16.09.2013 N 324 қаулысымен

      «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі № 2464 Конституциялық Заңының 28-бабының 46-тармақтарына, 27-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 555 «Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізудің кейбір мәселелері туралы» Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерін қызметке сайлау, өкілеттігін тоқтату және қызметтен босату Қағидаларының 29-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының сайлау комиссиясымен бірлесіп (келісім бойынша) Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданында ауылдық округтер әкімдеріне барлық кандидаттар үшін Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын ретінде Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының Булаев қаласындағы Мәдениет үйі ғимаратына іргелес аумақтағы стенд белгіленсін.
      2. Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданында ауылдық округтер әкімдеріне барлық кандидаттар таңдаушылармен кездесу өткізу үшін келісім шарт негізінде үй-жай ретінде, Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының Булаево қаласы Буденный көшесі 14 үй мекенжайы бойынша орналасқан № 2 Булаев орта мектебінің мәжіліс залы ұсынылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімі аппаратының басшысы Е.Е. Әубәкіровке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2013 жылдың 23 шілдеден бастап пайда болған қатынастарға таралады.

      Солтүстік Қазақстан облысы
      Мағжан Жұмабаев ауданының әкімі            К.Пішенбаев

      КЕЛІСІЛДІ:

      Аудандық сайлау
      комиссиясының төрағасы                     С. Заев
      2013 жылғы 5 шілде

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады