Ескерту. Күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2014 жылғы 6 қаңтардағы N 10.1.5-7/9 хаты)
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының 2012 жылғы 19 желтоқсандағы № 574 «2013 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының аумағында тұратын, халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың нысаналы топтарын анықтау және қосымша тізімін белгілеу туралы» 2012 жылғы 19 желтоқсандағы № 574 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2093 бойынша тіркелген, аудандық «Мағжан жұлдызы», «Вести» газеттерінде 2013 жылғы 1 ақпанда жарияланған) (бұдан әрі - қаулы) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
қаулының кіріспесі келесі редакцияда жариялансын:
«Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5-бабы 2-тармағына, 7-бабы 2) тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Қ. Пішенбаев