Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы аумағында тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев аудандық мәслихатының 2013 жылғы 23 желтоқсандағы N 21-4 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 24 қаңтарда N 2516 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2019 жылғы 15 ақпандағы № 27-2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 15.02.2019 № 27-2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабы 2-тармағына, "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қоса берілген Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы аумағында тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
      Мағжан Жұмабаев ауданы
      мәслихаты сессиясының төрағасы В. Чернышов
      Солтүстік Қазақстан облысы
      Мағжан Жұмабаев ауданы
      мәслихатының хатшысы Т. Әбілмәжінов

  Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2013 жылғы 23 желтоқсандағы № 21-4 шешімімен бекітілген

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының аумағында тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидалары

      1. Осы аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына, "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысына, "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес әзірленген және Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданында тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін тағайындау мөлшерін және тәртібін белгілейді.

1. Жалпы ережелер

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) аз қамтамасыз етілген отбасылар (азаматтар) - Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар адамдар;

      2) отбасының (азаматтың) жиынтық табысы - тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы (азамат) кірістерінің жалпы сомасы;

      3) уәкілетті орган – "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      4) шекті жол берілетін шығыстар үлесі - телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде отбасының (азаматтың) бір айда тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының (азаматтың) орташа айлық жиынтық кірісіне пайызбен қатынасы.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев аудандық мәслихатының 02.06.2017 № 11-7 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)

      3. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы аумағында тұрақты тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына беріледі.

2. Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы аумағында тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін тағайындаудың шарттары мен тәртібі

      4. Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.

      5. Мағжан Жұмабаев ауданында аз қамтамасыз етілген отбасының (азаматтың) шекті жол берілетін шығыстар үлесі аз қамтамасыз етілген отбасының (азаматтың) жиынтық тобына 10 пайыз көлемінде айқындалады.

      6. Жеке басында бір тұрғын үйден артық (пәтер, үй) немесе тұрғын үйін жалға (арендаға) беретін аз қамтамасыз етілген отбасылар (азаматтар) тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады.

      7. Өтемақы шараларымен аз қамтамасыз етілетін тұрғын үй аумағының нормасына бір адамға 18 шаршы метр, жалғыз тұратын азаматтар үшін 30 шаршы метр қабылданады.

      Тұрғын үй көмегi оның ішіне жатпайтын барлық топтағы мүгедектер мен бір айдан артық стационардағы емдеудегі адамдарды, оқушылар, күндізгі оқу орындарындағы студенттер, тыңдаушылар, курсанттар мен магистранттарды, сондай – ақ бірінші және екінші топ мүгедектерін, 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларды күтетіндерді, сексен жастан асқан қарттар мен 7 жасқа дейінгі балалармен отырған тұлғаларды қоспағанда, жұмыспен қамту қызметінде жұмыссыз ретінде тіркелмегендерге, ұсынылған жұмыстан, соның ішінде әлеуметтік жұмыс орындар мен қоғамдық жұмыстардан, кәсіби оқу мен қайта оқудан, кәсіптігін жоғарылатудан себепсіз бас тартқан жұмыссыздардың отбасыларына көрсетілмейді.

      Жұмыссыздың отбасына тұрғын үйлік көмек оның жұмысқа орналасқан күнінен бастап, соның ішінде әлеуметтік жұмыс орнына немесе қоғамдық жұмысқа, кәсіби дайындыққа, қайта дайындауға, кәсіптілігін жоғарылатуға барған күнінен бастап қайта тағайындалады.

      8. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) (бұдан әрі - өтініш беруші) "Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік стандарттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы ұлттық экономика Министерінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығымен бекітілген "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызметтер стандартына сәйкес құжаттарды "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы ұсынады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев аудандық мәслихатының 02.06.2017 № 11-7 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)

      9. Тұрғын үй көмегі ағымдағы тоқсанға тағайындалады. Көмекті тағайындау үшін құжаттар ағымдағы тоқсанның соңғы айының 25 жұлдызына дейін қабылданады. Өтініш берушілердің екінші рет тұрғын үй көмегіне жүгінуі дәл бірінші реттей рәсімделеді.

      Қабылдаған құжаттарды қарастыру нәтижесі бойынша уәкілетті орган күнтізбелік он күннің ішінде тұрғын үй көмегін тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім шығарады, ол жайында өтініш берушіге жазбаша түрде хабарлайды.

      10. Коммуналдық қызметтің қолдану нормалары мен тарифын қызметті жеткізуші ұсынады.

      11. Тұрғын үйді қамтамасыз етуге бір айда аз қамтамасыз етілген отбасының (азаматтың) шығын деңгейі шекті жол берілетін шығыстар үлесі өзгерген жағдайда, коммуналдық қызметті қолдану және байланыс қызметті телефон үшін абоненттік төлем,телекоммуникация желісіне қосылған, жеке тұрғын үй қорынан жергіліктті атқарушы органмен тұрғын үйді қолданғанына жалдық төлемі, аз қамтамасыз етілген отбасының (азаматтың) жалпы табысына ертеректе тағайындалған көмекке қайта есептеу жүргізілетін болады. Артық төленген төлем құны өз еркімен, ал бас тартқан жағдайда – сот арқылы қайтаруға жатады.

3. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық кірісін есептеу

      12. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысы тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы табыстарынан "Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 бұйрығы негізінде есептеледі.

4. Тұрғын үй көмегін төлеу

      13. Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді "Мағжан Жұмабаев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өтініш берушінің дербес шоттарына аудару жолымен екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырады.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев аудандық мәслихатының 02.06.2017 № 11-7 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады