"Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы аумағында тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2013 жылғы 23 желтоқсандағы № 21-4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев аудандық мәслихатының 2017 жылғы 2 маусымдағы № 11-7 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 27 маусымда № 4236 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2019 жылғы 15 ақпандағы № 27-2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 15.02.2019 № 27-2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы аумағында тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2013 жылғы 23 желтоқсандағы № 21-4 шешіміне (2014 жылғы 31 қаңтардағы "Мағжан жұлдызы" аудандық газетінде, 2014 жылғы 31 қаңтардағы "Вести" аудандық газетінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2516 болып тіркелді) (бұдан әрі - Қағидалар) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) уәкілетті орган – "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      8. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) (бұдан әрі - өтініш беруші) "Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік стандарттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы ұлттық экономика Министерінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығымен бекітілген "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызметтер стандартына сәйкес құжаттарды "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы ұсынады.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді "Мағжан Жұмабаев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өтініш берушінің дербес шоттарына аудару жолымен екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырады.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
      Мағжан Жұмабаев ауданы
      мәслихаты сессиясының төрағасы Л. Симбирцева
      Солтүстік Қазақстан облысы
      Мағжан Жұмабаев ауданы
      мәслихатының хатшысы Т. Әбілмәжінов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады