Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 25 қантардағы N 15 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 6 наурызда N 2209 тіркелді. Күші жойылды Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 21 мамырдағы N 153 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық әкімдігінің 21.05.2013 N 153 Қаулысымен

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің «Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы» 2012 жылғы 3 тамыздағы № 291 қаулысына (Нормативтiк құқықтық кесiмдерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2012 жылғы 7 қыркүйектегі № 1829 тіркелген, 2013 жылғы 11 қаңтардағы «Солтүстік жұлдызы» № 2 және 2012 жылғы 23 қарашадағы «Знамя труда» № 48 газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбында және 1-тармақта:
      «көрсету» деген сөз алынып тасталсын;
      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
      ««Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабы 4-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:»;
      көрсетілген қаулымен бекітілген «Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» мемлекеттік қызмет регламенті осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің «Мамлют ауданының кейбір мемлекеттік мекемелерінің мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» 2012 жылғы 29 тамыздағы № 340 қаулысына (Нормативтiк құқықтық кесiмдерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2012 жылғы 10 қыркүйектегі № 1836 тіркелген, 2013 жылғы 11 қаңтардағы «Солтүстік жұлдызы» № 2 және 2012 жылғы 23 қарашадағы «Знамя труда» № 48 газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
      ««Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабы 4-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:»;
      1-тармақтағы 4 абзац алынып тасталсын.
      Көрсетілген қаулымен бекітілген «Бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердi бiлiмнiң жалпы бiлiм беру ұйымдарына және үйге тегiн тасымалдауды қамтамасыз ету» мемлекеттiк қызмет регламентiнің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімінің орынбасары Е.М. Бекшеновке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                               Қ. Қалиев

      Солтүстік Қазақстан облысы
      Мамлют ауданы әкімдігінің
2013 жылғы 25 қаңтардағы № 15
      қаулысына қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы
      Мамлют ауданы әкімдігінің
2012 жылғы 03 тамыздағы № 291
      қаулысымен бекiтiлдi

«Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы
анықтама беру» мемлекеттік қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. «Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) мекенжайлары осы регламентке 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген Мамлют ауданының Мамлютка қаласы, селолық округтер әкімінің аппараты (бұдан әрі – ЖАО), сондай-ақ баламалы негізде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорынның филиалының Мамлют ауданы бойынша бөлімімен (бұдан әрі – Орталық) көрсетіледі.
      Шалғай орналасқан елді мекендердегі тұрғындардың мемлекеттік қызметтерге қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында, мемлекеттік қызметтерді Мобильді орталықтары арқылы көрсетуге жол беріледі.
      2. Көрсетiлетiн мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттік қызмет «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңының 3-бабы, 1-тармағының 3) тармақшасы, «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29-бабының 4-тармағы, «Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2318 қаулысының негізінде көрсетіледі.
      4. Мемлекеттiк қызметтi ұсыну туралы ақпарат осы регламенттiң 1-қосымшада көрсетiлген ЖАО-нің интернет-ресурсында, сондай-ақ осы регламенттiң 12-қосымшаларында көрсетiлген мемлекеттiк қызмет көрсету орындарындағы стендiлерде орналастырылған, сонымен қатар мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат call-орталығы ақпараттық-анықтама қызметі (1414) телефон бойынша көрсетілуі мүмкін.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама (қағаз жеткізгіште) не мемлекеттік қызмет ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері ЖАО-ға өтініш берген кезде:
      1) мемлекеттік қызмет өтініш берілген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетіледі;
      2) өтініш беруші өтініш берген күні көрсетілетін мемлекеттік қызметті алғанға дейiнгi күтудiң ең жоғары шектi уақыты 10 (он) минуттан аспайды;
      3) мемлекеттiк қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң ең жоғары шектi уақыты 10 (он) минуттан аспайды;
      Орталыққа өтініш берген кезде:
      1) мемлекеттiк қызметтi алушы осы регламенттің 11-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 2 (екі) жұмыс күнінен аспайды;
      2) өтініш беруші өтініш берген күні көрсетілетін мемлекеттік қызметті алғанға дейінгі күтудің ең жоғары шекті уақыты 20 (жиырма) минуттан аспайды;
      3) мемлекеттiк қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң ең жоғары шектi уақыты 20 (жиырма) минуттан аспайды;
      8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      9. Жұмыс кестесі:
      1) ЖАО: демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес күн сайын дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін ұсынады. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.
      2) Орталықтар: мемлекеттік қызметті демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес күн сайын дүйсенбі мен сенбі аралығында сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін үзіліссіз көрсетіледі. Қабылдау тездетілген қызмет көрсетусіз «электронды» кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.
      Мобильді орталықтар Орталық бекіткен кестеге сәйкес, бір елді мекенде аптасына бір рет алты сағаттан кем емес уақытта құжаттар қабылдауды жүзеге асырады.
      10. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін күтуге және қажетті құжаттарды дайындауға жағдайлар жасалады (күтуге арналған зал, құжаттарды толтыру орындары қажетті құжаттар тізбесі және оларды толтыру үлгілері бар стенділермен жарақталады).

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы немесе оның өкілі (нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша) мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) ЖАО-ға өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызметті алушы жеке куәлігінің түпнұсқасын және оның көшірмелерін (салыстырып тексергеннен кейін жеке куәліктің түпнұсқасы қайтарылады) ұсына отырып, ауызша нысанда жүгінеді;
      2) орталықтарға өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызметті алушы осы регламентке 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш және жеке куәлігінің түпнұсқасын береді.
      Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған мемлекеттік қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметті орталық қызметкері уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында Орталықтың ақпараттық жүйесі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
      Осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген құжаттарды қабылдаған кезде Орталықтың және уәкілетті органның қызметкері мемлекеттік қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттардың түпнұсқасының түпнұсқалығын, сенімхаттарды мемлекеттік органдардың тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтермен салыстырып тексереді, осыдан кейін түпнұсқаларын алушыға қайтарады.
      12. Орталықта бекітілген нысандағы өтініш бланкілері осы регламентке 2-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша күту залында арнайы тағандарда, сондай-ақ, Орталық РМК интернет-ресурстарында орналастырылады: www.con.gov.kz.
      13. Мемлекеттік қызметті алушы осы регламенттің 11-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды осы регламентке 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген мекенжайлар бойынша ЖАО мен Орталықтың қызметкерлеріне тапсырады.
      Орталықта құжаттарды қабылдау «кедергісіз» қызмет көрсету арқылы операциялық залда жүзеге асырылады.
      14. Мемлекеттік қызметті алу үшін барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде мемлекеттік қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі, онда:
      1) сұранымды қабылдау нөмірі және күні;
      2) сұратылған мемлекеттік қызметтің түрі;
      3) қоса берілген құжаттардың саны және атауы;
      4) мемлекеттік қызметтің нәтижелерін беру күні (уақыты) және орны;
      5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда);
      6) өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары көрсетіледі.
      15. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі мемлекеттік қызметті алушыға немесе оның өкіліне (нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша) жеке өзі келген кезде беріледі.
      Орталықта мемлекеттік қызметтің нәтижелерін беруді «терезелер» арқылы Орталық қызметкері жүзеге асырады.
      Егер мемлекеттік қызметті алушы қызмет нәтижесі үшін белгіленген мерзімде келмеген жағдайда, Орталық олардың бір ай ішінде сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оларды ЖАО тапсырады.
      16. Мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуге мынадай жағдайларда:
      1) осы регламенттің 11-тармағында көрсетілген құжаттардың толық емес пакетін ұсынғанда;
      2) ЖАО-ның шаруашылық кітабында жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы деректер жоқ болғанда;
      3) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 40-бабында көзделген негіздемелер бойынша бас тартылады.
      17. Мемлекеттік қызмет алу үшін мемлекеттік қызметті алушыдан өтініш қабылдау күнінен және мемлекеттік қызмет нәтижесін беру күніне дейінгі мемлекеттік қызмет көрсету сатылары:
      1) ЖАО-ға жүгінген кезде:
      ЖАО жауапты маманы ауызша өтінішті қабылдайды және тіркейді, алушының жеке басын куәландыратын құжаттардың түпнұсқасын көшірмемен салыстырып тексереді, осыдан кейін түпнұсқаларын мемлекеттік қызметті алушыға қайтарады;
      ЖАО жауапты маманы ЖАО қосалқы шаруашылық кітапшасында мемлекеттік қызметті алушының деректерін тексереді, анықтама толтырады немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап даярлайды және ЖАО басшысына қарау үшін ұсынады;
      ЖАО басшысы ұсынылған құжаттарды қарайды, анықтамаға немесе бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды;
      ЖАО жауапты маманы жеке анықтаманы немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты тіркейді және мемлекеттік қызметті алушыға береді.
      2) ХҚКО-ға жүгінген кезде:
      мемлекеттік қызметті алушы анықтама алу үшін Орталыққа өтініш береді;
      Орталық инспекторы өтінішті тіркейді, мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызметті алу үшін сәйкес құжаттарды қабылдағаны туралы қызмет алушыға қолхат береді;
      Орталық инспекторы құжаттарды Орталықтың жинақтау бөлімінің инспекторына тапсырады.
      Орталықтың жинақтау бөлімінің инспекторы құжаттарды жинауды жүзеге асырады, тізім құрастырады, орындау үшін құжаттарды ЖАО жолдайды;
      ЖАО жауапты маманы қосалқы шаруашылық кітапшасында деректерді тексереді, анықтама толтырады немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды және қарау үшін ЖАО басшысына ұсынады;
      ЖАО басшысы ұсынылған құжаттарды қарайды, анықтамаға немесе бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды;
      ЖАО жауапты маманы анықтаманы немесе ЖАО қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты тіркейді және оларды Орталыққа жібереді;
      Орталық инспекторы анықтама немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты мемлекеттік қызметті алушыға береді.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiндегi
iс-әрекеттер (өзара әрекеттестiк) тәртiбi

      18. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесіне келесi құрылымдық-функционалдық бiрлiктер (одан әрi - ҚФБ) қатысады:
      1) мемлекеттік қызметті алушының уәкілетті органға тікелей өтiнiш жасаған кезінде:
      ЖАО-ның жауапты маманы;
      ЖАО басшысы;
      2) мемлекеттік қызметті алушының Орталыққа өтiнiш жасаған кезінде:
      Орталық инспекторы;
      Орталықтың жинақтау бөлімінің инспекторы;
      ЖАО-ның жауапты маманы;
      ЖАО-ның басшысы.
      19. Әрбір әкімшілік әрекетті орындау мерзімі көрсетіліп әрбір ҚФБ-мен әкімшілік әрекеттің (үдерістің) өзара әрекеті мен бірізділіктің мәтіндік кестелік сипаттамасы осы регламенттің 4-қосымшасында көрсетілген.
      20. ҚФБ мен мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі әкімшілік әрекеттердің логикалық бірізділігі арасындағы өзара байланысты көрсететін сызба мемлекеттік қызмет көрсету процесінде осы регламенттің 5-қосымшасында көрсетілген.

4. Мемлекеттік қызмет көрсететін
лауазымды тұлғалардың жауапкершiлiгi

      21. Мемлекеттік қызметтер көрсетуге жауапты тұлғалар мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын ЖАО-ның және Орталықтың басшылары, лауазымды тұлғалары (әрі қарай – лауазымды тұлғалар) болып табылады.
      Лауазымды тұлғалар мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мен тиімділігіне, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету барысындағы қабылдаған шешім мен әрекетке (әрекетсіздікке), Қазақстан Республикасының заңнамасымен қаралған тәртіпте белгіленген мерзімде мемлекеттік қызмет көрсетудің жүзеге асырылуына жауапты болады.

«Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы
туралы анықтама беру» мемлекеттiк
қызмет регламентiне
1-қосымша

«Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру»
мемлекеттiк қызмет көрсететiн мемлекеттiк мекемелердiң тiзiмi

р/с

Мемлекеттік мекеменің атауы

Орналасқан
мекенжайы

Байланыс деректерi

1

«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Андреев селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Солтүстік Қазақстан облысы, Мамлют ауданы, Андреев селосы

тел: 8 (71541) 2-31- 14

2

«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Белое селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Солтүстік Қазақстан облысы, Мамлют ауданы, Белое селосы

тел: 8 (71541) 5-16- 07

3

«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Воскресеновка селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Солтүстік Қазақстан облысы, Мамлют ауданы, Воскресеновка селосы

тел: 8 (71541) 2-34- 24

4

«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Дубровное селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Солтүстік Қазақстан облысы, Мамлют ауданы, Дубровное селосы

тел: 8 (71541) 2-56- 37

5

«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Қызыласкер селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Солтүстік Қазақстан облысы, Мамлют ауданы, Қызыласкер селосы

тел: 8 (71541) 5-20- 71

6

«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Краснознамен селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Солтүстік Қазақстан облысы, Мамлют ауданы, Краснознамен селосы

тел: 8 (71541) 2-91- 88

7

«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Леденев селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Солтүстік Қазақстан облысы, Мамлют ауданы, Леденево селосы

тел: 8 (71541) 2-94- 41

8

«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Ленин селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Солтүстік Қазақстан облысы, Мамлют ауданы, Ленин селосы

тел: 8 (71541) 2-16- 78

9

«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Новомихайлов селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Солтүстік Қазақстан облысы, Мамлют ауданы, Новомихайлов селосы

тел: 8 (71541) 2-71- 66

10

«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Пригород селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Солтүстік Қазақстан облысы, Мамлют ауданы, Пригород селосы

тел: 8 (71541) 2-41- 49

11

«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Становое селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Солтүстік Қазақстан облысы, Мамлют ауданы, Становое селосы

тел: 8 (71541) 2-44- 33

12

«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлютка қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Солтүстік Қазақстан облысы, Мамлют ауданы, Мамлютка қаласы

тел: 8 (71541) 2-11-03

«Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы
туралы анықтама беру» мемлекеттiк
қызмет регламентiне
2-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша
Халыққа қызмет көрсету орталығы

Халыққа қызмет көрсету орталығының атауы

Заңды мекенжайы

Жұмыс кестесі

Байланыс телефоны

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорын филиалының Мамлют ауданы бойынша бөлімі

Солтүстiк Қазақстан облысы, Мамлют ауданы Мамлютка қаласы Сәбит Мұқанов көшесі 11

Күн сайын сағат 9.00 бастап 19.00 дейін, демалыс күні - жексенбі

8 (71541) 2-27-48

«Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы
туралы анықтама беру» мемлекеттiк
қызмет регламентiне
3-қосымша

Үлгі

Өтініш

Мен, ____________________________________________________________________      (Т.А.Ә., төлқұжат деректері (жеке куәлік деректері)
_____________________________________________________________________
      және жеке тұлғаның тұрғылықты жері)  _____________________________________________________________________
      _______________________________________________атынан әрекет
         (уәкілетті өкіл толтырады)

ететін ______________________________________________________ негізінде
      (өкілеттілікті куәландыратын құжаттың деректеме

маған жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беруді сұраймын
Мына құжаттарды қоса беремін:
      _____________________________________________________________________

Күні _________,_______________________________________________/_________
      (өтініш берушінің/уәкілетті өкілдің Т.А.Ә. және қолы)
      ____________________________________________________________/_______
(сұранымды қабылдаған маманның Т.А.Ә. және қолы)

      Сұранымды орындау / қарау нәтижесі: ______________________________  ____________________________________________________________________   тексерілді: күні ______________ 20__ ж. _____________________________________________________________________(маманның Т.А.Ә. және қолы)

      «Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы
туралы анықтама беру» мемлекеттiк
қызмет регламентiне
4-қосымша

Әкімшілік әрекеттердің (шаралардың) бірізділігі мен өзара әрекеттерін сипаттау 1-кесте. ЖАО арқылы құрылымдық-функционалдық бiрлiктердің
әрекеттеріне сипаттамасы

Негiзгi процестiң әрекетi (барысы, жұмыс ағыны)

р/с

Әрекеттiң № (барысы, жұмыс ағыны)

1

2

3

4

1

ҚФБ атауы

ЖАО-ның жауапты маманы

ЖАО-ның жауапты маманы

ЖАО-ның басшысы

ЖАО-ның жауапты маманы

2

Iс-әре
кеттiң
(про
цесс, рә
сiмдер,
операция
лар)
атауы
және
олардың
сипатта
масы

Ауызша өтінішті қабылдау және тіркеу, жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын көшірмесімен салыстырып тексеру

ЖАО қосалқы шаруашылық кітапшасында мемлекеттік қызметті алушының деректерін тексеру, анықтама толтыру немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап дайындау және қарау үшін ЖАО-ның басшысына тапсыру

Анықтаманы немесе бас тарту туралы дәлелдi жауапты қарастыру және қол қою

Анықтаманы немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауапты тіркеу және мемлекеттік қызметті алушыға беру

3

Аяқтау
нысаны
(мәлiмет
тер,
құжат,
ұйымдас
тыру-
өкiмдiк
шешiм
дер)

Өтінішті тіркеу

анықтама немесе бас тарту туралы дәлелдi жауап

анықтамаға немесе бас тарту туралы дәлелдi жауапқа қол қою

анықтама немесе бас тарту туралы дәлелдi жауап

4

Орындау мерзiмi

10 минуттан аспайды

1 жұмыс күні ішінде

1 жұмыс күні ішінде

10 минуттан аспайды

5

Келесi
iс-әре
кеттiк нөмiрi

2

3

4


2 кесте. Орталық арқылы ҚФЕ әрекеттеріне сипаттама

Негiзгi процестiң әрекетi (барысы, жұмыс ағыны)

Әрекеттiң № (барысы, жұмыс ағыны)

1

2

3

ҚФБ атауы

Орталық инспекторы

Орталықтың жинақтау бөлімінің инспекторы

Орталықтың жинақтау бөлімінің инспекторы

Iс-әрекеттiң (процесс, рәсiмдер, операциялар) атауы және олардың сипаттамасы

Құжаттарды қабылдау

Журналға қол қояды және құжаттарды жинайды

Тізім құрастырады және құжаттарды жолдайды

Аяқтау үлгісі (мәлiметтер, құжат, ұйымдастыру-
өкiмдiк шешiмдер)

Журналға тіркеу

Жинақтау бөліміне құжаттарды жинау

Құжаттарды ЖАО-на жіберу

Орындау мерзiмi

20 минуттан аспайды

Күніне 3 рет

Күніне бір реттен кем емес

Келесi iс-әрекеттiк нөмiрi

2

3

4

Негiзгi процестiң әрекетi (барысы, жұмыс ағыны)

Әрекеттiң № (барысы, жұмыс ағыны)

4

5

6

7

ҚФБ атауы

ЖАО-ның жауапты маманы

ЖАО-ның басшысы

ЖАО-ның жауапты маманы

Орталық инспекторы

Iс-әрекеттiң (процесс, рәсiмдер, операциялар) атауы және олардың сипаттамасы

Анықтаманы рәсімдеу немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындау

Анықтаманы немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты қарастыру

Анықтаманы немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты тіркеу

Анықтаманы немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты мемлекеттік қызметті алушыға беру

Аяқтау нысаны (мәлiметтер, құжат, ұйымдастыру-
өкiмдiк шешiмдер)

Құжаттарды материалдарымен бірге ЖАО-ның басшысына қол қоюға тапсыру

Анықтамаға немесе бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қою

Анықтаманы немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты Орталыққа тапсыру

Анықтама немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты мемлекеттік қызметті алушыға беру

Орындау мерзiмi

30 минут

1 сағат

1 жұмыс күні ішінде

20 минуттан аспайды


5

6

7


Пайдалану нұсқалары. Негізгі процесс

ҚФБ 1-тобы

Орталық инспекторы

ҚФБ 2-тобы

ЖАО-ның жауапты маманы

ҚФБ 3-тобы

ЖАО-ның басшысы

ҚФБ 4-тобы

ЖАО-ның жауапты маманы

№1 әрекет

Құжаттарды қабылдау, құжаттарды қабылдау туралы қолхат беру, өтінішті тіркеу, құжаттарды ЖАО жіберу үшін жинақтау бөліміне тапсыру

№ 2 әрекет

Орталықтан немесе мемлекеттік қызметті алушыдан құжаттарды қарау, анықтама рәсімдеу, ЖАО-ның басшысына жіберу

№ 3 әрекет

Анықтаманы қарастыру және қол қою

№ 4 әрекет

Анықтаманы тіркеу

№ 6 әрекет

Анықтаманы мемлекеттік қызметті алушыға тапсыру



№ 5 әрекет

Анықтаманы мемлекеттік қызметті алушыға немесе Орталыққа тапсыру

Пайдалану нұсқалары. Баламалы процесс

ҚФБ 1-тобы

Орталық инспекторы

ҚФБ 2-тобы

ЖАО-ның жауапты маманы

ҚФБ 3-тобы

ЖАО-ның басшысы

ҚФБ 4-тобы

ЖАО-ның жауапты маманы

№ 1 әрекет

Құжаттарды қабылдау, құжаттарды қабылдау туралы қолхат беру, өтінішті тіркеу, құжаттарды ЖАО-ға жіберу үшін жинақтау бөліміне тапсыру

№ 2 әрекет

Орталықтан немесе мемлекеттік қызметті алушыдан өтініш қабылдау, тіркеу, құжаттарды қарау, бас тарту туралы дәлелді жауапты рәсімдеу, ЖАО-ның басшысына жіберу

№ 3 әрекет

Бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қою

№ 4 әрекет

Бас тарту туралы дәлелді жауапты тіркеу

№ 6 әрекет

Бас тарту туралы дәлелді жауапты мемлекеттік қызметті алушыға беру



№ 5 әрекет

Бас тарту туралы дәлелді жауапты Орталыққа немесе мемлекеттік қызметті алушыға тапсыру

«Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы
туралы анықтама беру» мемлекеттiк
қызмет регламентiне
5-қосымша

1-сызба. Мемлекеттік қызметті алушының ЖАО-ға өтiнiш бiлдiргенде мемлекеттiк қызметтi ұсыну сызбасы

2-сызба. Мемлекеттік қызметті алушының Орталыққа өтiнiш бiлдiргенде мемлекеттiк қызметтi ұсыну сызбасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады