"2013 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 491 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 21 қазандағы N 348 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 14 қарашада N 2400 болып тіркелді. Күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімінің 2014 жылғы 27 қаңтардағы N 11.1.2-13/61 хаты)

      Ескерту. Күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімінің 2014 жылғы 27 қаңтардағы N 11.1.2-13/61 хаты)

      Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «2013 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 491 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізілімінде № 2094 тіркелген, 2013 жылдың 25 қаңтарында «Солтүстік жұлдызы» газетінде, «Знамя труда» газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
      «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабы 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңың іске асыру жөніндегі шаралар туралы 2001 жылғы 19 маусымдағы қаулысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:».
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімінің орынбасары Е.М. Бекшеновке жүктелсін.
      3. Осы қаулы оны алғаш ресми жариялаған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
      Мамлют ауданының әкімі                      В. Бубенко

      «КЕЛІСІЛДІ»

      «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
      Солтүстік Қазақстан облысы бойынша
      Әділет департаментінің Мамлют ауданының
      Әділет басқармасы» мемлекеттік
      мекемесінің басшысының м.а.                Ж.А. Чукатова

      «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
      Сот актілерін орындау жөніндегі комитеті
      Солтүстік Қазақстан облысы бойынша
      Сот актілерін орындау жөніндегі
      департаментінің Мамлют аумақтық бөлімі»
      филиалының басшысы                       Б.С. Әбілқайырова

      Қазақстан Республикасы Құқықтық қызмет
      көрсету және тіркеу қызметі комитетінің
      «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша
      жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық»
      Республикалық мемлекеттік қазыналық
      кәсіпорнының Мамлют аудандық
      филиалының басқарушысының м.а.            Ж.З. Бектасов

      «Қазақстан Республикасы Ішкі істер
      министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы
      Ішкі істер департаментінің
      Мамлют ауданының ішкі істер бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы          П.В. Мартынюк

      «Мамлют аудандық мұрағаты»
      мемлекеттік мекемесінің директоры        О.Н. Рогачева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады