Тайынша ауданында жас отбасылар үшін Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі желісінің тұрғын үй бағыты бойынша - "Қолжетімді тұрғын үй - 2020" Бағдарламасына қатысушыларды іріктеу және оларға тұрғын үй беру кезектілігінің тәртібін анықтау туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 26 қарашадағы N 615 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 11 желтоқсанда N 2424 болып тіркелді

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 14.01.2015 N 08 қаулысымен.
      «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» Бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 маусымдағы N 821 қаулысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес Тайынша ауданында жас отбасылар үшін Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі желісінің тұрғын үй бағыты бойынша «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» Бағдарламасына қатысушыларды іріктеу және оларға тұрғын үй беру кезектілігінің тәртібі анықталсын.
      2. «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды жүзеге асырсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Тайынша ауданы әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Солтүстік Қазақстан облысы
      Тайынша ауданының әкімі

С.Салтықов


Тайынша ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 26 қарашадағы № 615 қаулысына қосымша

Жас отбасылар үшін Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жүйесі арқылы тұрғын үй бағыты бойынша «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасына қатысушыларды іріктеу және оларға тұрғын үй беру кезектілігі тәртібі

      1. Осы жас отбасылар үшін Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жүйесі арқылы тұрғын үй бағыты бойынша «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасына қатысушыларды іріктеу және оларға тұрғын үй беру кезектілігі тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 маусымдағы № 821 қаулысымен бекітілген «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасына (Бұдан әрі - Бағдарлама) сәйкес анықталды.
      2. Бағдарламаға қатысуға өтінішті қабылдау өтініштерді қабылдау «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобильдік жолдар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (Бұдан әрі - тұрғын үйді іске асыру бойынша уәкілетті орган) жалгерлік тұрғын үйді пайдалануға беруді жүргізгенге дейін 6 айдан кем емес уақытта басталады.
      3. Бағдарламаға қатысуға өтінішті қабылдау жалгерлік тұрғын үй құрылысы басталғанға дейін 3 ай ішінде аяқталады.
      4. ТКШ бөлімі бұқаралық ақпарат құралдарында және өтініштерді қабылдау орнында басталу туралы хабарлама жарияланғаннан күннен бастап құжаттарды қабылдауды бастайды және бұқаралық ақпарат құралдарында өтініштерді қабылдауды аяқтау жөніндегі хабарламада көрсетілген күннен бастап құжаттарды қабылдауды аяқтайды.
      5. Бағдарламаға қатысуға үміткерлер жетіспеген жағдайда, тұрғын үйді іске асыру бойынша уәкілетті орган өтініштерді қабылдау мерзімін он бес күнге ұзартуға құқылы.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады