Ескерту. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімі аппаратының 19.03.2015 N 12.1.7-1/518 хаты).
"Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңының 16-бабына, "Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 маусымдағы № 859
қаулысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімі ШЕШТІ:
1. Қазақстан Республикасының тіркелу жылы он жеті жасқа толатын ер азаматтарын "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің (келісім бойынша) шақыру учаскесінде 2014 жылдың қаңтарынан наурызына дейін тіркеу және медициналық куәландыру ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің орынбасары Алданазарова Жанар Ермекқызына жүктелсін.
3. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы |
С. Салтықов |
КЕЛІСІЛДІ: |
Т. Тұрабай |