2014 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының аумағында тұратын нысаналы топтарды анықтау нысаналы топтарға жататын қосымша тұлғалар тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 26 қарашадағы N 613 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 23 желтоқсанда N 2456 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімі аппаратының 2015 жылғы 19 наурыздағы N 12.1.7-1/518 хаты)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімі аппаратының 19.03.2015 N 12.1.7-1/518 хаты).
      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңының 5-бабы 2-тармағына, 7-бабы 2) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2014 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының аумағында тұратын нысаналы топтары анықталсын:
      1) табысы аз адамдар;
      2) жиырма бip жасқа дейінгі жастар;
      3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
      4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
      5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімдi, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
      6) зейнеткерлік жас алдындағы тұлғалар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
      7) мүгедектер;
      8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған тұлғалар;
      9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған тұлғалар;
      10) оралмандар;
      11) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының түлектері;
      12) жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына немесе жұмыс беруші-жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған тұлғалар;
      13) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар жатады.
      2. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының аумағында халықтың мақсатты тобына жататын, тұратын, 2014 жылға қосымша тұлғалар тізбесі белгіленсін:
      1) жиырма бірден жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
      2) елу жастан асқан жұмыссыз тұлғалар;
      3) он екі айдан астам жұмыс істемейтін тұлғалар;
      4) мүлдем жұмыс істейтін бір адамы жоқ отбасылардағы тұлғалар;
      5) техникалық, кәсіптік білім беру ұйымдарының түлектері (аяқтағаннан кейінгі үш жылдың ішінде).
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің орынбасары Иван Иванович Турковқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Солтүстік Қазақстан облысы
      Тайынша ауданының әкімі

С. Салтықов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады