Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының Ленинский ауылдық округі әкіміне кандидаттардың таңдаушылармен кездесулер өткізу үшін үй-жайды және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар анықтау туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 22 қазандағы N 297 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 30 қазанда N 2390 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 26 желтоқсандағы N 387 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің 26.12.2013 N 387 қаулысымен

      «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 28-бабының 46-тармақтарына, 27-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 555 «Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізудің кейбір мәселелері туралы» Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерін қызметке сайлау, өкілеттігін тоқтату және қызметтен босату Қағидаларының 29-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Тимирязев ауданының сайлау комиссиясымен бірлесіп (келісім бойынша) Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының Ленинский ауылдық округі әкіміне барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын ретінде: Солтүстік Қазақстан облысы, Тимирязев ауданы, Тимирязев ауылы, Жеңіс көшесі, № 11-үй мекенжайы бойынша аудандық Мәдениет үйінің алдындағы алаңда орналасқан стенд анықталсын.
      2. Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының Ленинский ауылдық округі әкіміне барлық кандидаттар таңдаушылармен кездесу өткізу үшін келісім шарт негізінде үй-жай ретінде: Солтүстік Қазақстан облысы, Тимирязев ауданы, Тимирязев ауылы, Жеңіс көшесі, № 11-үй, екінші қабат мекенжайы бойынша орналасқан орталық аудандық кітапхананың оқу бөлмесі ұсынылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы Л.А. Плотниковаға жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2013 жылғы 5 қарашадан бастап пайда болған қатынастарға таралады.

      Солтүстік Қазақстан облысы
      Тимирязев ауданының әкімі                  Е. Базарханов

КЕЛІСІЛГЕН

      Тимирязев аудандық сайлау
      комиссиясының төрағасы                     Ж. Макенова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады