Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңы 7-бабының 5-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңы 31-бабының 1) тармақшасына сәйкес, жұмысқа орналасуға мұқтаж мүгедектерді жұмыспен қамтуға көмектесу мақсатында Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мүгедектер үшін жұмыс орындарының үлесі Тимирязев ауданы бойынша жұмыс орындарының жалпы санынан үш пайыз мөлшерінде бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімінің орынбасары Ж.Е. Мәкеноваға жүктелсін.
3. Осы қаулы бірінші ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Е. Базарханов |