Ескерту. Күші жойылды - (Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімі аппаратының 03.04.2014 N 13.1.1-30/130 хаты)
Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 16-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 маусымдағы № 859 «Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу Қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімі ШЕШТІ:
1. Қазақстан Республикасының тіркелу жылы он жеті жасқа толатын ер азаматтарды «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің (келісім бойынша) шақыру учаскесінде 2014 жылдың қаңтарынан наурызына дейін тіркеу және медициналық куәландыру ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Е. Базарханов
«КЕЛІСІЛДІ»
«Солтүстік Қазақстан облысы
Тимирязев ауданының қорғаныс істері
жөніндегі бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы А.Н. Константинов
2013 жылдың 11 желтоқсаны