2013 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының аумағында тұратын нысаналы топтарды анықтау, нысаналы топтарға жататын қосымша тұлғалар тізбесін белгілеу туралы

Жаңартылған

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 7 ақпандағы N 45 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментімен 2013 жылғы 11 наурызда N 2219 болып тіркелді

      «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабы 2-тармағына, 7 бабы 2) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық әкімдігінің 21.10.2013 N 335 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
      1. 2013 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының аумағында тұратын нысаналы топтары анықталсын:
      1) табысы аз адамдар;
      2) жиырма бip жасқа дейінгі жастар;
      3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
      4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
      5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімдi, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
      6) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
      7) мүгедектер;
      8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
      9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
      10) оралмандар;
      11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
      12) жұмыс беруші - заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші - жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
      13) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық әкімдігінің 21.10.2013 N 335 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
      2. 2013 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының аумағында тұратын нысаналы тобына жататын қосымша тұлғалар тізбесі белгіленсін:
      1) елу жастан асқан тұлғалар;
      2) біреуі де жұмыс істемейтін отбасылардың тұлғалары;
      3) жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
      4) он екі ай және одан да артығырақ жұмыс істемеген тұлғалар».
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық әкімдігінің 2013.10.21 N 335 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
      3. Осы қаулының орындалуын қадағалау Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімінің орынбасары Гүлмира Жәкенқызына жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
      Уәлиханов ауданының әкімі                  С. Тұралинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады