Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының аумағында ауылдық округтері әкімдеріне кандидаттарының үгіттік баспа материалдарын орналастыру және таңдаушылармен кездесуі үшін үй-жай белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 5 шілдедегі N 227 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментімен 2013 жылғы 19 шілдеде N 2327 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 22 қазандағы N 341 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық әкімдігінің 22.10.2013 N 341 қаулысымен

      «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңы 27 бабының 3-тармағына, 28 бабының 46-тармақтарына, «Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 555 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерін қызметке сайлау, өкілеттігін тоқтату және қызметтен босату Қағидаларының 29-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Уәлиханов аудандық сайлау комиссиясымен бірлесіп (келісім бойынша) Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының аумағында ауылдық округтері әкімдеріне барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін № 1-қосымшаға сәйкес орындар белгіленсін.
      2. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының аумағында ауылдық округтері әкімдеріне барлық кандидаттарының таңдаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде № 2-қосымшаға сәйкес үй-жай тізімі берілсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімінің аппарат басшысының міндетін атқарушысы Балтабек Әділханұлы Мендинге жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2013 жылғы 23 шілдедегі пайда болған қатынастарға таралады.

      Аудан әкімі                                А. Төрегелдин

      Келісілді
      Уәлиханов аудандық сайлау
      комиссияның төрайымы                       Г. Жәкенқызы
      2013 жылы 05 шілдеде

Аудан әкімдігінің
2013 ж. 5 шілдедегі
№ 227 қаулысына № 1-қосымша

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

№ р/р

Ауылдық округінің атауы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

1

Кішкенекөл

Тақталар: Кішкенекөл ауылы, Уәлиханов көшесі, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорын филиалының Уәлиханов аудандық бөлімі ғимаратының алдында

Аудан әкімдігінің
2013 ж. 5 шілдедегі
№ 227 қаулысына № 2-қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының аумағында ауылдық округтері әкімдеріне кандидаттарының таңдаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде берілетін үй-жай тізімі

Ауылдық округінің атауы

Таңдаушылармен кездесуі үшін үй-жай

1

Кішкенекөл

Кішкенекөл ауылы, Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің «Уәлиханов ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шыңықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқу залы, Гагарин көшесі, 79

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады