1. Әкімшілік орталығы Жұмыскер ауылы болатын Жұмыскер кенттік округі Жұмыскер ауылдық округіне өзгертіліп, Жұмыскер ауылдық округінің құрамына Жұмыскер, Рембаза ауылдары енгізілсін.
2. Осы қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Т.Ә. Шәкімовке және Атырау облыстық мәслихатының заңдылықты сақтау, депутаттық этика және құқық қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Т.Б. Мұқатановқа жүктелсін.
3. Осы қаулы мен шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және олар алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Облыс әкімі |
О. Қаршегенов | Б. Ізмұхамбетов |
Мәслихат хатшысы | С. Лұқпанов |