Ескерту. Күші жойылды - Жылыой аудандық мәслихатының 2013.06.14 № 13-8 шешімімен
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 5 тармағына және аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 20 желтоқсандағы IХ сессиясының № 9-2 "2013-2015 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне сәйкес, аудандық мәслихат кезекті Х сессиясында ШЕШТІ:
1. Атырау облысы, Жылыой ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін 5 000 (бес мың) теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек берілсін.
Ескерту. 2 тармақтың күші жойылды - Атырау облысы Жылыой аудандық мәслихатының 2013.04.15 № 11-3 шешімімен.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың X
сессиясының төрағасы: Б. Абдрахманов
Аудандық мәслихат хатшысы: М. Кенғанов