Жем селолық округіндегі "Тұрғызба" селосы аумағында карантин режимін және шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Жылыой ауданы Жем селолық округі әкімінің 2013 жылғы 8 тамыздағы № 9 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 13 тамызда № 2770 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Жылыой ауданы Жем селолық округі әкімінің 2013 жылғы 11 қыркүйектегі № 15 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Жылыой ауданы Жем селолық округі әкімінің 11.09.2013 № 15 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жылыой аудандық аумақтық инспекциясы" бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2013 жылғы 13 мамырдағы № 112 ұсынысына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Жем селолық округіндегі "Тұрғызба" селосы аумағында мүйізді ірі қара малынан құтыру ауруы ошағының шығуына байланысты шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимі белгіленсін.
      2. Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Жылыой аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті Жылыой ауданы бойынша Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды алу ұсынылсын.
      3. Осы шешімнің орындалысын қадағалауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Селолық округ әкімінің міндетін атқарушы Б. Қариев
      Келісілді:
      Атырау облысы Денсаулық сақтау
басқармасының "Жылыой аудандық
орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу
құқығындағы коммуналдық мемлекеттік
кәсіпорнының бас дәрігері
08.08 2013 ж.
Қ. Өтегенов
      "Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрлігі Мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
комитетінің Атырау облысы бойынша
департаменті Жылыой ауданы бойынша
Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық
қадағалау басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
08.08 2013 ж.
А. Қалмұқанова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады