Ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына жоғары айлықақы мен тарифтік ставкалар белгілеу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Махамбет аудандық мәслихатының 2013 жылғы 16 шілдедегі № 101 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 30 шілдеде № 2759 тіркелді. Күші жойылды - Махамбет аудандық мәслихатының 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 193 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Махамбет аудандық мәслихатының 11.04.2014 № 193 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек Кодексінің 238-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына және аудан әкімінің ұсынысына сай, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына, қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың жалақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда жиырма бес процентке жоғарғы лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкалар белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы (Ш. Торбаева) жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың кезекті
      13-сессиясының төрағасы,
      мәслихат хатшысы                           А. Құрманбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады