Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Қызылқоға ауданы Тасшағыл ауылдық округі әкімінің 05.05.2014 № 3 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қызылқоға аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2013 жылғы 24 мамырдағы № 118 ұсынысына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Тасшағыл ауылдық округінің аумағында ұсақ мүйізді малдар арасында бруцеллез ауруы ошағының анықталуына байланысты шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимі белгіленсін.
2. Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Қызылқоға аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынына (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті Қызылқоға ауданы бойынша Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды алу ұсынылсын.
3. Осы шешімнің орындалысын қадағалауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Тасшағыл ауылдық округінің
әкімінің міндетін атқарушы Н. Жексенбиева
Келісілді:
Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының
"Қызылқоға аудандық орталық ауруханасы"
шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық
мемлекеттік кәсіпорынының бас дәрігері С. Тайшыбай
15 шілде 2013 жыл
"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
министрлігі Мемлекеттік санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау комитетінің
Атырау облысы бойынша департаменті
Қызылқоға ауданы бойынша Мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы А. Аймұратова
15 шілде 2013 жыл