Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Қызылқоға аудандық мәслихатының 11.02.2014 № ХXI-3 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабының 5 тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қызылқоға ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін 5000 (бес мың) теңге мөлшерінде аудандық бюджет қаражаты есебінен бір жолғы әлеуметтік көмек берілсін.
2. Шешімнің орындалуын бақылау Қызылқоға аудандық мәслихатының бюджет, қаржы, экономика, кәсіпкерлікті дамыту,аграрлық мәселелер және экология жөніндегі тұрақты комиссиясына (О. Жанықұлов) жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Cессия төрағасы: А. Құтжанов
Мәслихат хатшысы: Т. Бейсқали