Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Қызылқоға аудандық мәслихатының 08.09.2021 № 7-1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, "Кұқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26, 27 баптарына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аудандық мәслихатының 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № ХХ-9 "Алушылар санатының тізбесін және әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2820 санымен тіркелген, 2014 жылғы 9 қаңтардағы аудандық "Қызылқоға" газетіне жарияланған) шешіміне толықтыру енгізілсін:
мынадай мәтіндегі 4-1 тармақпен толықтырылсын:
"4-1. Туберкулездің әртүрлі түрімен ауыратын науқастарға емдеу мекемесінің ай сайын ұсынатын тізіміне сәйкес, амбулаториялық ем алу кезеңіне 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (отбасы табыстары есепке алынбай) әлеуметтік көмек бекітілсін".
2. Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 11 шілдедегі № ІV-5 "Қызылқоға аудандық мәслихатының 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № ХХ-9 "Алушылар санатының тізбесін және әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі жойылсын.
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудандық мәслихаттың әлеуметтік мәселелер, гендерлік саясат, жастар мен үкіметтік емес ұйымдармен байланыс жөніндегі тұрақты комиссиясына (А.Есенжанов) жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылдың 1 шілдесінен бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
Сессия төрағасы: | А. Баймуратова |
Мәслихат хатшысы: | Т. Бейсқали |