Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 14 наурыздағы № 130-V "Құрманғазы ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидасын айқындау туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Құрманғазы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 268-V шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 13 қаңтарда № 2835 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы аудандық мәслихатының 2014 жылғы 28 сәуірдегі № 305-V шешімімен

       Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы аудандық мәслихатының 28.04.2014 № 305-V шешімімен.
      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" және 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 1303 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидаларын бекіту туралы" 2012 жылғы 26 маусымдағы № 856 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" қаулыларына сәйкес Құрманғазы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 14 наурыздағы № 130-V "Құрманғазы ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидасын айқындау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2710 санымен тіркелген, аудандық "Серпер" үнжариясында 2013 жылғы 1 мамырдағы жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      1) 2-тармақта:
      "8 тармағының 4) тармақшасы" деген сөздерден кейін "және 6-тармағының 9) тармақшасы" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) 6-тармағының 3) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын: "уәкілетті органға:
      3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай анықтамасы, не өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын селолық және/немесе ауылдық әкімдердің анықтамасы;"
      3) 20-тармақта:
      "қаржы бөліміне", "қаржы бөлімі" деген сөздер "аудандық экономика және қаржы бөліміне", "аудандық экономика және қаржы бөлімі" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы шешімнің 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болатын 1-тармағының 1) тармақшасын қоспағанда, осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік сала, жастар саясаты, заңдылық және құқықтық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына (Ш. Жәлелов) жүктелсін.

      Аудандық мәслихаттың ХХV
      сессиясының төрағасы                       Р. Габдушова

      Аудандық мәслихат хатшысы                  Р. Сұлтанияев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады