Құрманғазы ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидасын айқындау туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Құрманғазы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 14 наурыздағы № 130-V шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 17 сәуірде № 2710 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы аудандық мәслихатының 2014 жылғы 28 сәуірдегі № 305-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы аудандық мәслихатының 28.04.2014 № 305-V шешімімен.
      РҚАО ескертпесі:
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабының 2 тармағына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы", 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 "Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" және 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулыларына сәйкес Құрманғазы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Құрманғазы ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидасы қосымшаға сәйкес айқындалсын.
      2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қазандағы № 1316 қаулысына сәйкес осы қағиданың 8 тармағының 4) тармақшасы және 6-тармағының 9) тармақшасы 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін, 8 тармағының 4) тармақшасының үшінші абзацы және 9 тармағы 2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады.
      Ескерту. 2 тармаққа өзгеріс енгізілді - Атырау облысы Құрманғазы аудандық мәслихатының 20.12.2013 № 268-V шешімімен.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік сала, жастар саясаты, заңдылық және құқықтық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      Аудандық мәслихаттың ХІІІ сессия
      төрағасының міндетін атқарушы,
      аудандық мәслихат хатшысы:                 Р. Сұлтанияев

Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы
14 наурыздағы № 130-V "Құрманғазы
ауданында тұратын аз қамтылған
отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй
көмегін көрсетудің мөлшері мен 
қағидасын айқындау туралы"  
шешіміне қосымша       

Құрманғазы ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидасы

      Осы Қағида Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленді және Құрманғазы ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидасын белгілейді.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) аз қамтылған отбасылар (азаматтар) – Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар адамдар.
      2) кондоминиум объектісін басқару органы – кондоминиум объектісін басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
      3) мемлекеттік қызмет – уәкілетті органның немесе орталықтың аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеуде іске асыратын мемлекеттік қызметінің түрі;
      4) мемлекеттік қызмет алушы – тұрғын үй көмегін тағайындау үшін уәкілетті органға немесе орталыққа өтініш берген отбасы (азамат).
      5) орталық – халыққа қызмет көрсету орталығы;
      6) отбасының (азаматтың) жиынтық табысы тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы (азамат) кірістерінің жалпы сомасы;
      7) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп–ұстауға жұмсалатын шығыстар – кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалануға және жөндеуге, жер учаскесін күтіп–ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуды есептеудің үйге ортақ құралдарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және тексеруге жұмсалатын шығыстарға, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтерді төлеуге жұмсалатын шығыстарға жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген ай сайынғы жарналар арқылы төленетін үй–жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері шығыстарының міндетті сомасы, сондай-ақ болашақта кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін немесе оның жекелеген түрлерін күрделі жөндеуге ақша жинақтауға жұмсалатын жарналар;
      8) уәкілетті орган – жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын, тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын ауданның жергілікті атқарушы органы;
      9) шекті жол берілетін шығыстар үлесі - телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде отбасының (азаматының) бір айда тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп–ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығындарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының (азаматтың) орташа айлық жиынтық кірісіне пайызбен қатынасы;
      2. Құрманғазы ауданында тұрақты тұратын меншік иесі, мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана жалдаушы болып табылатын, егер отбасының бюджетіндегі жәрдемақылық шаралар мен коммуналдық қызметтерді тұтыну мөлшері шегіндегі тұрғын үйді ұстау кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға және коммуналдық қызметтерді тұтыну төлеміне шығындар осы мақсатқа шекті жол берілетін шығыстар үлесінен артық болса, тұрғын үй көмегіне құқығы бар.
      Тұрғын үйді ұстау кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, коммуналдық қызметтерді (сумен қамтамасыз ету, канализация, жылумен, электр жарығымен, газбен қамтамасыз ету, қоқыстарды шығару) тұтыну және аудандық телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемнің артуы бөлігінде байланыс қызметіне төлемдерге шекті жол берілетін шығындар үлесі отбасының жиынтық кірісінің 5%-мөлшерінде белгіленеді.
      3. Тұрғын үй көмегін тағайындау жергілікті бюджетте осы мақсатқа қаралған қаражат шегінде уәкілетті орган жүзеге асырады. Аудан бойынша уәкілетті орган "Құрманғазы аудандағы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі".
      4. Тұрғын үй көмегі ағымдағы тоқсанның ішінде өтініш жасау және тиісті құжаттарды жинақтау негізінде өткен тоқсанға тағайындалып төленеді. Тұрғын үй көмегін тағайындауға құжаттар ағымдағы тоқсанның соңғы айының жиырма бесінші жұлдызына дейін қабылданады.
      5. Есепке алынатын тұрғын үйді ұстау шығындарының мөлшері мен коммуналдық қызметтер тұтыну нормалары коммуналдық қызмет көрсететін мекемелермен белгіленеді.

2. Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі

      6. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) уәкілетті органға немесе халыққа қызмет көрсету орталықтарына өтініш береді және мынадай құжаттарды ұсынады:
      уәкілетті органға:
      1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      2) тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі;
      уәкілетті органға:
      3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай анықтамасы, не өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын селолық және/немесе ауылдық әкімдердің анықтамасы;
      4) отбасының табысын растайтын құжаттар;
      5) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар:
      6) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;
      7) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек–шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
      8) жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот;
      9) жекешелендірілген тұрғын үй–жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1–ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі шаралар қолданылатын түбіртек-шот.
      орталыққа:
      1) отбасының табысын растайтын құжаттар;
      2) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шот;
      3) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;
      4) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
      5) жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот;
      6) мемлекеттік қызмет алушының – жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      7) тұрғын үйге құқық белгілейтін құжаттар;
      8) азаматтарды тіркеу туралы мәліметтер (мекен-жай анықтамасы).
      Орталықтың қызметкері құжаттар түпнұсқаларының дұрыстығын мемлекеттік органдардың мемлекеттік ақпараттық жүйелерінен ұсынылған мәліметтермен салыстырады, одан кейін түпнұсқаларды мемлекеттік қызмет алушыға қайтарады.
      Ескерту. 6 тармақтың 3) тармақшасы жаңа редакцияда - Атырау облысы Құрманғазы аудандық мәслихатының 20.12.2013 № 268-V шешімімен.
      7. Барлық қажетті құжаттарды тапсырғаннан кейін мемлекеттік қызмет алушыға:
      1) уәкілетті органда – мемлекеттік қызметті алушыны тіркеу және оның мемлекеттік қызметті алу күні, құжаттарын қабылдаған жауапты адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон;
      2) орталықта:
      өтініштің нөмірі мен қабылдаған күні;
      сұралып отырған мемлекеттік қызметтің түрі;
      қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;
      құжаттарды беру күні, уақыты және орыны;
      құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған орталық қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;
      мемлекеттік қызмет алушының тегі, аты, әкесінің аты, уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары көрсетілген тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі.
      Орталықтың қызметкері құжаттарын қабылдаудан бас тартқан жағдайда өтініш иесіне жетпей тұрған құжаттарды көрсете отырып, қолхат береді.
      Уәкілетті орган орталықтан түскен, осы Қағиданың 6–тармағында көрсетілген құжаттарды ресімдеуде қателер анықталған жағдайда құжаттардың пакетін алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде (құжаттарды қабылдаған және берген күндер мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді) оларды қайтарудың себебін жазбаша негіздей отырып, орталыққа қайтарады.
      Құжаттар пакетін алғаннан кейін орталық 1 (бір) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет алушыны хабардар етеді және уәкілетті органның қайтару себебі туралы жазбаша негіздемесін ұсынады.
      8. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен осы елді–мекенде тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
      1) жекешендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй–жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;
      2) тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;
      3) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй–жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге;
      4) жекешелендірілген тұрғын үй–жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1–ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге беріледі.
      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
      Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй–жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп ұстауға арналған шығыстарға, жекешелендірілген үй–жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1–ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі шаралар қолданылатын, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған, жергілікті өкілді органдар белгілеген шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
      9. Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерін айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп–ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу, сондай–ақ жекешелендірілген тұрғын үй–жайларында (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдік сыныбы 2,5 электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің орнына орнатылатын тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1–ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге, жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
      10. Ұсынылған құжаттарды қарастыру қорытындылары бойынша атқарушы орган құжаттарды тапсырған сәттен бастап күнтізбелік он күннің ішінде тұрғын үй көмегі тағайындалғаны немесе бас тартқандығы туралы шешім қабылдайды да, өтініш берушіге жазбаша түрде хабар береді.
      11. Өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй аумағының нормасы:
      1) құрамында екі және одан көп адамы бар, екі немесе одан көп бөлмелі тұрғын үйде (пәтерде) тұратын отбасыларға тұрғын үй заңдылығымен белгіленген нормасына сәйкес, әр адамға 18 шаршы метр, бірақ нақты пайдаланып отырған аумақтан аспауы тиіс;
      2) жалғыз тұратын азаматтар, бір бөлмелі тұрғын үйде (пәтерде) және жатақхана бөлмелерінде тұратын отбасылар (азаматтар) үшін нақты пайдаланып отырған аумағы көлемінде.
      12. Тұрғын үй көмегін есептеу үшін электр энергиясы, сумен жабдықтау, газбен жабдықтау және телефон желісін қызметтерін (1 айға) пайдалану мөлшерін белгілеу:
      1) электр энергиясын пайдалану мөлшері:
      электр плиталарын пайдаланбайтындар:
      1 адамға - 90 киловатт/сағат.
      электр плиталарын пайдаланатындар:
      1 адамға – 110 киловатт/сағат.
      2) байланыс қызметтерін пайдаланып отырған телекоммуникация желісінің абоненттеріне 2004 жылдың қыркүйек айындағы абоненттік ақының және қолданыстағы абоненттік ақының аралығындағы айырмасы сомасы мөлшерінде;
      3) судың нормасы әр адамға бір тәулікке – 75 литр;
      4) отбасыға (азаматқа) табиғи газдың нормасы – 700 куб/м.
      13. Орталық жылыту, сумен жабдықтау, газбен жабдықтау желісіне қосылмаған, қатты отын, сырттан әкелінген ауыз су, газ баллон тұтынушылары болып табылатын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді төлеуге шекті жол берілетін шығындарының нормасын (1 айға) белгілеу:
      - қатты отынға – 17000 теңге;
      - сырттан әкелінген ауыз суға – 1500 теңге;
      - газ баллонға 27 литр – 1000 теңге.
      14. Тұрғын үй көмегі мынадай отбасыларына тағайындалмайды:
      1) жеке меншігінде (үлесінде) біреуден артық тұрғын үйі (жеке үйі, пәтері) болса;
      2) тұрғын үйді жалға тапсырғандарға (қайта жалға бергендерге);
      3) құрамында мүгедектерден және бір айдан артық стационарлық емделуде болған адамдардан, туберкулезбен ауратындар, емделу мекемелерінде тұрақты есепте тұратын және уақытша жұмысқа жарамсыздығы туралы дәрігерлік-кеңес комиссиясының нысанындағы оқушылар мен студенттер, тыңдаушылар мен курсанттардан, магистратура мен аспирантураны қоса, сондай-ақ І-ші және ІІ-ші топтағы мүгедектерді, 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларды, сексен жастан асқан адамдарды, үш жасқа дейінгі балаларды күтумен айналысатын азаматтардан басқа жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдарда тіркелмеген, еңбекке жарамды жастағы жұмыссыздары барларға.
      15. Тұрғын үй көмегі өтініш берушілердің жеке есеп шоттарына аудару жолымен төленеді. Тапсырылған құжаттар негізінде тұрғын үй көмегін есептеу есебі жасақталып, оның бір данасы өтініш берушіде сақталады.
      16. Өтініш беруші тексеру жүргізуге уәкілетті органдар анықтаған табысы туралы толық емес немесе дұрыс емес мәліметтер ұсынған жағдайда, жиынтық табысты есептеу жүргізілмейді.
      Өтініш беруші тұрғын үй көмегін заңсыз тағайындалуына әкеп соқтырған табысы туралы толық емес немесе дұрыс емес мәліметтер ұсынған кезде, өтініш берушіге және оның отбасына тұрғын үй көмегі төлемі тоқтатылады.
      17. Тұрғын үй көмегін алушы он күн мерзімде тұрғын үй көмегінің мөлшерін өзгерту және оны алу құқығы үшін негіз бола алатын, жағдайлар туралы уәкілетті органды хабарландыруға міндетті.

3. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу тәртібі

      18. Отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері Агенттігінің Төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 бұйрығымен бекітілген "Тұрғын үй көмегін алуға, сондай–ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасы" негізінде жүзеге асырылады.
      19. Өтініш беруші беріп отырған мәліметтердің дұрыстығына заңнамамен белгіленген тәртіпте жауап береді.

4. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру және төлеу тәртібі

      20. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру жергілікті бюджетте осы мақсатқа сәйкесті жылға қаралған қаржы есебінен жүзеге асырылады. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін төлеуге қажетті соманы анықтап және ай сайын аудандық экономика және қаржы бөліміне сұраныс береді. Аудандық экономика және қаржы бөлімі түскен сұранысқа сәйкес қажетті соманы уәкілетті органның есеп шотына аударады.
      Ескерту. 20 тармаққа өзгеріс енгізілді - Атырау облысы Құрманғазы аудандық мәслихатының 20.12.2013 № 268-V шешімімен.
      21. Уәкілетті орган есеп шотына қаржы түскеннен кейін өтініш берушілерге тұрғын үй көмегіне тағайындалған соманы екінші деңгейлі банктер арқылы жүзеге асырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады