«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11 бабына сәйкес, Арыс қаласы мен Отырар ауданының әкімдіктері және мәслихаттарының ұсынысы негізінде, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Арыс қаласының әкімшілік шекарасына Отырар ауданынан берілетін 131 300,0 гектар жерді қосу жолымен Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс қаласының және Отырар ауданының әкімшілік шекаралары өзгертілсін.
2. Осы бірлескен қаулы және шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі А. Мырзахметов
Облыстық мәслихат сессиясының төрағасы Д. Ахметов
Облыстық мәслихаттың хатшысы К. Ержан