Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 28 наурыздағы № 12/106-V "Оңтүстік Қазақстан облысының елді мекендерінің шекаралары шегінде Қазақстан Республикасының орман қорына кірмейтін жасыл екпелерді егу, күтіп-ұстау және қорғау Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 26 маусымдағы № 14/136-V шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының әділет департаментімен 2013 жылғы 26 шілдеде № 2345 болып тіркелді. Күші жойылды - Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 қыркүйектегі № 42/436-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облыстық мәслихатының 13.09.2019 № 42/436-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңының 21-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 28 наурыздағы № 12/106-V "Оңтүстік Қазақстан облысының елді мекендерінің шекаралары шегінде Қазақстан Республикасының орман қорына кірмейтін жасыл екпелерді егу, күтіп-ұстау және қорғау Қағидасын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2284 - нөмірімен тіркелген, 2013 жылғы 15 мамырда "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген шешіммен бекітілген "Оңтүстік Қазақстан облысының елді мекендерінің шекаралары шегінде Қазақстан Республикасының орман қорына кірмейтін жасыл екпелерді егу, күтіп - ұстау және қорғау Қағидасында":

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Құрылыс жұмыстарын жүргізген кезде, құрылыс салу жобаларында жасыл желектерді құру немесе қалпына келтіру жұмыстарын қаржыландыруды қарастыру қажет";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Қажетті күтіп-ұстаудың жоқтығына, механикалық зақымдалуына, көшеттердің баяу өсуіне байланысты, отырғызылған жерде көшеттердің жоқтығы (ұрланған), жасыл желектердің жойылғандығы анықталған жағдайда, оларды қалпына келтіру жасыл желектердің иелері есебінен жүргізіледі".

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихат
      сессиясының төрағасы Д. Ахметов
      Облыстық мәслихаттың хатшысы Қ. Ержан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады