Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы

Жаңа

Бірлескен Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 9 шілдедегі № 177 қаулысы және Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 26 маусымдағы № 14/132-V шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының әділет департаментімен 2013 жылғы 31 шілдеде № 2348 болып тіркелді

      «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11 бабына сәйкес, Арыс қаласы әкімдігінің және мәслихатының ұсынысы негізінде, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс ауданы Сырдария ауылдық округінен берілетін жалпы көлемі 147 550 гектар жерді Қожатоғай ауыл округінің құрамына қосу жолымен оның әкімшілік шекарасы өзгертілсін.
      2. Арыс ауданының Сырдария ауылдық округі таратылсын және тіркеу есебінен шығарылсын.
      3. Осы бірлескен қаулы және шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                А.Мырзахметов

      Облыстық мәслихат сессиясының төрағасы     Д.Ахметов

      Облыстық мәслихат хатшысы                  Қ.Ержан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады