2013 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 5 сәуірдегі № 710 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының әділет департаментімен 2013 жылғы 19 сәуірде № 2269 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы әкімі аппаратының 2014 жылғы 13 ақпандағы № 6/12-874 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы әкімі аппаратының  13.02.2014 № 6/12-874 хатымен).

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 20 бабына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 Қаулысымен бекiтiлген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру ережесiнiң 8-тармағына сәйкес, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2013 жылы қоғамдық жұмыстар жүргiзiлетiн ұйымдардың тiзбесi, қоғамдық жұмыстардың түрлерi, көлемi және олардың қаржыландырудың көздерi қосымшаға сәйкес бекiтiлсін.
      2. Қоғамдық жұмысқа қатысатын азаматтардың еңбекақысы, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жалақының ең төменгі мөлшері көлемінде бекітілсін.
      3. Осы қаулының орындалуын жүзеге асыру Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Л.А.Мақашеваға жүктелсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Б.М.Нарымбетовке жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қала әкімі                                 Қ.Молдасеитов

Шымкент қаласы әкімдігінің
2013 жылғы 5 сәуірдегі
№ 710 қаулысымен бекітілген

2013 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі және олардың қаржыландырудың көздері

Ұйымдардың атауы

Жылына қоғамдық жұмысшыларға сұраныс, адам

Қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдері

Қаржыландыру көздері

1

«Шымкент қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі

3

Мекеменің кіріс және шығыс хаттарымен жұмыс жүргізу. Мемлекеттік мекемелерге хаттар өткізу. Мекемеге келіп түскен арыз өтініштерді компьютерге теру.

Қалалық бюджет

2

«Шымкент қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

6

Құжаттарды дайындауға көмек көрсету және курьерлік жұмыс.

Қалалық бюджет

3

«Шымкент қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі

2

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңын түсіндіру жұмыстарына көмек көрсету - 23 көше, 2183 коммерциялық нысан

Қалалық бюджет

4

«Шымкент қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі

2

Құжаттармен жұмыс жүргізу, телефон хаттарды қабылдау және жолдау

Қалалық бюджет

5

«Шымкент қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

5

Азаматтардың арыз-шағымдарымен жұмыс жүргізу. Игерілмеген жер телімдерінің мемлекеттік мұқтаждықтары үшін қайтару жұмыстарына көмек көрсету. Ескерту хаттар тарату

Қалалық бюджет

6

«Шымкент қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары бөлімі»

5

10 000 дана құжатты толтыру, рәсімдеу, тіркеуге көмек көрсету

Қалалық бюджет

7

«Шымкент қаласы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі

6

Азаматтардың арыз-шағымдарымен және көшіру-көбейту техникасымен жұмыс жүргізу

Қалалық бюджет

8

«Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

15

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен және құжат айналымымен жұмыс жүргізу

Қалалық бюджет

9

«Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

20

Ауданның аумағында көріктендіру, көгалдандыру және санитарлық-тазалық жұмыстарын жүргізу – 120000 шаршы метр. Құжаттармен іс-жүргізу - 2500 құжат

Қалалық бюджет

10

«Шымкент қаласы Еңбекші ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

25

Аудан аумағында көріктендіру, көгалдандыру, санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізуге – 146700 шаршы метр, аудан әкімі аппараты бөлімдерінің іс-қағаздарын компьютерде теруге көмек көрсету – 1500 құжат

Қалалық бюджет

11

«Шымкент қаласы Абай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

30

Аудан аумағында көріктендіру, көгалдандыру, санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізуге – 167250 шаршы метр

Қалалық бюджет

12

«Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент қаласы бойынша салық басқармасы» мемлекеттік мекемесі

2

Салық құжаттарын, мұрағат құжаттарын рәсімдеуге көмек көрсету - 5000 құжат

Қалалық бюджет

13

«Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша салық департаментінің Абай ауданы бойынша салық басқармасы» мемлекеттік мекемесі

25

55 мың жер салығы, 53 мың мүлік салығы, 65 мың көлік салығының хабарламасын тарату

Қалалық бюджет

14

«Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша салық департаментінің Еңбекші ауданы бойынша cалық басқармасы» мемлекеттік мекемесі

25

Жерге, көлік құралдарына, мүлікке салық төлеу жөніндегі түбіртектерді, хабарламаларды жазу және жеткізу-137202 дана

Қалалық бюджет

15

«Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша салық департаментінің Әл-Фараби ауданы бойынша салық басқармасы» мемлекеттік мекемесі

25

Басқармаға түскен хаттарды, шығыс хаттарды тіркеу, орындаушыға тарату. Хабарламаларды мекен-жай бойынша тарату жұмыстары

Қалалық бюджет

16

«Оңтүстік Қазақстан Ішкі істер департаментінің Шымкент қалалық ішкі істер басқармасы» мемлекеттік мекемесі

5

Азаматтардың өтініштер бойынша құжаттарды рәсімдеуде көмек көрсету – 15000 құжат

Қалалық бюджет

17

Шымкент қалалық ішкі істер басқармасының Абай аудандық полиция бөлімі

65

Консьерж-Сақшы» бағдарламасы бойынша көмек көрсету, аймақтық полиция қызметкерлеріне қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде көмек беру – 432 көпқабатты үйлер, 23538 жеке үйлер

Қалалық бюджет

18

Шымкент қалалық ішкі істер басқармасының Әл-Фараби аудандық полиция бөлімі

65

«Консьерж-Сақшы» бағдарламасы бойынша көмек көрсету, аймақтық полиция қызметкерлеріне қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде көмек беру - 808 көпқабатты үйлер, 25216 жеке үйлер

Қалалық бюджет

19

Шымкент қалалық ішкі істер басқармасының Еңбекші аудандық полиция бөлімі

65

«Консьерж-Сақшы» бағдарламасы бойынша көмек көрсету, аймақтық полиция қызметкерлеріне қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде көмек беру – 554 көпқабатты үйлер, 19670 жеке үйлер

Қалалық бюджет

20

«Қазақстан Республикасы жоғарғы соты жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының кеңсесі» мемлекеттік мекемесі

5

Тараптарды шақыртуға, істерді рәсімдеуге, құжаттарды тігуге, хаттарды жөнелтуге, тізімдеме жасауға көмек көрсету

Қалалық бюджет

21

«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы сот актілерін орындау департаменті» мемлекеттік мекемесі

15

Істерді рәсімдеу, тігу, хаттарды жөнелту, тізімдеме жасау

Қалалық бюджет

22

«Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігі Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы

8

Азаматтардың арыз - шағымдарымен жұмыс жүргізу - 6000 арыз - шағымдар

Қалалық бюджет

23

«Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалы

10

Техникалық жұмыс (ғимарат тазалай) – 650 шаршы метр. Құжаттарды рәсімдеу, құжаттармен іс-жүргізу, іс-шараларды өткізуге дайындық – 50 іс-шара. Азаматтардың арыз шағымдарын қарау – 500 хаттар. Азаматтардың арыз-шағымдарын талдау. Мониторинг жасау және айлық есептерін жүргізу. Партия мүшелерінің құжаттарын рәсімдеу – 1000 құжат

Қалалық бюджет

24

«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Оңтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар Басқармасы» мемлекеттік мекемесі

1

Азаматтардың өтініштері мен жүгінулері және құжаттар айналымымен жұмыс жүргізу - 5000 құжаттар

Қалалық бюджет

25

«Қазақстан Республикасы табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесі

3

Азаматтардан түскен өтініштер бойынша құжаттарымен жұмыс жасауға, құжаттарды жүйелендіру және тігуге, көмек көрсету

Қалалық бюджет

26

«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті» мемлекеттік мекемесі

15

Зейнеткерлердің, мүгедектердің іс құжаттарын дайындау, түгендеу және өңдеу үшін көмек көрсету - 70 000

Қалалық бюджет

27

Шымкент қаласының «Ветеринарлық қызмет» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

6

Ветеринариялық және диагностикалық іс-шараларды жүргізу жұмысына көмектесу

Қалалық бюджет

28

«Қазақстан Республикасының ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің Оңтүстік Қазақстан облыстық аграрлық өнеркәсіп кешенінің бастауыш филиалы

2

110 ардагерлердің құжаттарын дайындауға көмек беру

Қалалық бюджет

29

«Қазақстан Республикасының ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің Шымкент қалалық филиалы

4

153 ардагерлермен жұмыс жүргізу

Қалалық бюджет

30

Қазақстан Республикасы Шымкент қаласы «Қарулы Күштерінің Ардагерлері» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы

5

Құжаттарды рәсімдеуге көмек көрсету - 5000

Қалалық бюджет

31

Қазақстан Республикасы «Шымкент қаласындағы қалалық мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігі

8

Ғимараттың 31,5 шаршы метр алаңын және қарасты аумақты тазалау. Құжаттармен жұмыс жүргізу 6000 парақ. І-топ мүгедектеріне жеке көмек көрсету

Қалалық бюджет

32

«Ару-аналар» Оңтүстік Қазақстан облыстық көпбалалы аналар қоғамдық бірлестігі

25

Аз қамтамасыз етілген отбасылардағы көпбалалы аналарға психологиялық, құқықтық көмек көрсету

Қалалық бюджет

33

«ЖҚТБ-нен балаларды қорғау» қайырымдылық қоғамдық қоры

30

В-20 диагнозына шалдыққан 200 балалардың отбасыларына әлеуметтік, моральдық, құқықтық және психологиялық көмек көрсету

Қалалық бюджет

34

Шымкент қаласы әкімдігінің «Шымкент мемлекеттік зоологиялық саябағы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

2

Саябақ аумағын тазарту, көшеттер егу және қарау, жасыл желектерді суғару, қурағандардан тазарту – 180 шаршы метр

Қалалық бюджет

35

«Тұрғын үй» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны

3

Аумақты тазалау және көгалдандыру – 60483.0 шаршы метр

Қалалық бюджет

36

Жеке қор «СодБи»

2

Іргелес аумақты көріктендіру, көгалдандыру – 1 гектар, ғимаратты тазалау жұмыстары – 1000 шаршы метр

Қалалық бюджет

37

«БАРННЕ» меншікті пәтер иелерінің тұтыну кооперативі

2

«БАРННЕ» меншікті пәтер иелерінің тұтыну кооперативі


38

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы әкімдігінің «ЛТД - Тұрмыс» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

150

Көше тазалау және көгалдандыру жұмыстарын орындау – 100000 шаршы метр

Қалалық бюджет

39

Қазақстан Республикасы Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Байтерек-Л.Б»

70

Ішкі орам аулалық аймақтарды, қоқыстарды тазарту жұмыстары 14523 шаршы метр. Қала көшелерін қолмен санитарлық тазалау жұмыстары 12046 шаршы метр. Көріктендіру, көгалдандыру жұмыстары 632 шаршы метр

Қалалық бюджет

40

Жеке кәсіпкер «Манкентбаев Ауесхан»

20

Көгалдандыру және аулаларды тазалау - 340201,5 шаршы метр

Қалалық бюджет

Барлығы

784



      Ескертпе: қоғамдық жұмыстардың нақты жағдайлары жұмыс берушімен және қоғамдық жұмысқа қатысатын азаматтың арасында жасалатын еңбек шартында көзделеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады