Жер салығының базалық ставкаларын түзету туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қалалық мәслихатының 2013 жылғы 6 ақпандағы № 12/69-V шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының әділет департаментімен 2013 жылғы 15 наурызда № 2252 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қалалық мәслихатының 2015 жылғы 20 наурыздағы № 38/227-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қалалық мәслихатының 20.03.2015 № 38/227-V шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 387 бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Арыс қалалық мәслихатының 2012 жылғы 25 қыркүйектегі № 8/44–V шешімімен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2127 нөмірімен тіркелген) Арыс қаласының жерді аймақтарға бөлу схемасы негізінде, Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» кодексінің 378379381383 баптарымен белгіленген жер салығының базалық салық ставкалары 1, 2, 3, 4, 5 аймақтарда автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) жерлерді қоспағанда 50 (елу) пайызға жоғарылатылсын.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы      Е.Алимбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады