Қылмыстық - атқару қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 24 шілдедегі № 349 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының әділет департаментімен 2013 жылғы 16 тамызда № 2354 болып тіркелді. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Арыс қаласы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 147 қаулысымен

      Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Арыс қаласы әкiмдiгiнiң 29.04.2016 № 147 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 23 қаңтардағы 2001 жылғы Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабының 1-тармағының 14-3) тармақшасына және "Халықты жұмыспен қамту туралы" 23 қаңтардағы 2001 жылғы Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабының 5-5), 5-6) тармақшаларына сәйкес, Арыс қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдар үшiн, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бiтiрушi кәмелетке толмағандар үшiн жұмыс орындарының жалпы санының бiр пайызы мөлшерiнде квота белгiленсiн.
      2. Осы қаулының орындалуын қадағалау қала әкiмiнiң орынбасары Б.Ділдәбековке жүктелсiн.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      Қала әкімі С.Ертай

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады