Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны өтеуге сотталғандарға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 4 ақпандағы № 51 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 4 наурызда № 2244 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 49 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласы әкімдігінің 24.02.2015 № 49 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шілдедегі Қылмыстық кодексінің 42-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қылмыстық – атқару кодексінің 30-бабының 1-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, Кентау қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны өтеуге сотталғандарға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлері белгіленсін: Қала және ауыл аумақтарын көріктендіру және тазалау.
      2. Қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде сотталған тұлғалардың жазаны өтеу орны: Кентау қаласы әкімдігінің «Тазалық Кентау» және «Жасыл Кентау» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындары айқындалсын.
      3. Кентау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Кентау қалалық қылмыстық-атқару инспекциясының келісімімен қоғамдық жұмысқа тарту түрінде жазаны өтеуге арналған объектілердің тізімдерін соттарға тоқсан сайын ұсынсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау жасау қала әкімінің орынбасары Е.Бектаевқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                                 Б.Байсалов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады