Бәйдібек ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек беру туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек аудандық мәслихатының 2013 жылғы 30 мамырдағы № 12/68 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының әділет департаментімен 2013 жылғы 11 маусымда № 2308 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек аудандық мәслихатының 2014 жылғы 20 қаңтардағы № 11 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек аудандық мәслихатының 20.01.2014 № 11 хатымен).

      «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес Бәйдібек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Бәйдібек ауданының ауылдық елдi мекендерiнде тұратын және жұмыс iстейтiн мемлекеттiк денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшiн жергілікті бюджет қаражаты есебiнен 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтiк көмек берiлсiн.
      2. Осы шешiм алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Сессия төрағасы:                           Э.Болатбеков

      Мәслихат хатшысы:                          С.Спабеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады