Шарапхана ауыл округі, Жіңішке және М.Өтемісұлы елді мекендерінің аумақтарына шектеу iс-шараларын енгiзе отырып ветеринариялық режим белгiлеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы Шарапхана ауылы округі әкімінің 2013 жылғы 9 желтоқсандағы № 75 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының әділет департаментімен 2013 жылғы 26 желтоқсанда № 2463 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы Шарапхана ауылы округі әкімінің 2014 жылғы 3 ақпандағы № 4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы Шарапхана ауылы округі әкімінің 03.02.2014 № 4 шешімімен.

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және Оңтүстік Қазақстан облысының Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қазығұрт аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2013 жылғы 10 қазандағы № 1-09/308 ұсынысы негізінде және жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында Шарапхана ауылы округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Шарапхана ауылы округі, Жіңішке және М.Өтемісұлы елді мекендерінің тұрғындарының жеке қосалқы шаруашылығында бруцеллез ауруының ошағы анықталуына байланысты Шарапхана ауыл округі, Жіңішке және М.Өтемісұлы елді мекендерінің аумағына шектеу iс-шараларын енгiзе отырып ветеринариялық режим белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Шарапхана ауылы округі әкімінің орынбасары Т.Ақбергенге жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ауыл округінің әкімі                       А.Тойшиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады