Жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 5 маусымдағы № 773 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының әділет департаментімен 2013 жылғы 19 маусымда № 2315 болып тіркелді. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 20 мамырдағы № 460 қаулысымен

      Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы әкiмдiгiнiң 20.05.2016 № 460 қаулысымен.
      "Халықты жұмыспен қамту туралы" 23 қаңтардағы 2001 жылғы Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабының 5-2) тармақшасына және "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 13 сәуірдегі 2005 жылғы Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабына 1) тармақшасына сәйкес, ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квотасы белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Абуовке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі: С.Тұрбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады