Мақтаарал ауданы бойынша жер салығының базалық ставкаларын түзету туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал аудандық мәслихатының 2013 жылғы 27 маусымдағы № 17-100-V шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының әділет департаментімен 2013 жылғы 26 шілдеде № 2342 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал аудандық мәслихатының 2015 жылғы 24 маусымдағы № 45-284-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал аудандық мәслихатының 24.06.2015 № 45-284-V шешімімен.

      «Салық және бюджетке төленетін міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексінің 387-бабының 1-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес Мақтаарал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Мақтаарал аудандық мәслихатының 2013 жылғы 29 наурыздағы № 15-79-V «Мақтаарал ауданының елді мекендеріндегі жерлерді аймақтарға бөлу схемалары туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2279 тіркелген) шешімінің негізінде, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) кодексінің 378379381383-баптарымен белгіленген жер салығының базалық ставкалары жоғарылатылсын:
      елді мекендердің 1, 2, 3 аймақтарында, автотұраққа (паркингке) және автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) жерлерді қоспағанда 50 процентке.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы:    Б.Жұманов

      Аудандық мәслихаттың хатшысы:              О.Дәндібаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады