2013 жылға арналған субсидияланатын басым ауылшаруашылық дақылдарының түрлері бойынша егістіктің оңтайлы себу мерзімдерін айқындау туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 19 ақпандағы № 95 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментімен 2013 жылғы 13 наурызда № 2249 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы әкімі аппаратының 2014 жылғы 8 қаңтардағы № 18 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы әкімі аппаратының 08.01.2014 № 18 хатымен).

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына және «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысына сәйкес, Отырар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Отырар ауданы бойынша 2013 жылға арналған субсидияланатын басым ауылшаруашылық дақылдарының түрлері бойынша егістіктің оңтайлы себу мерзімдері қосымшаға сәйкес айқындалсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Есенбаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Аудан әкімі                                Б.Сыздықов

Отырар ауданы әкiмдiгiнiң
2013 жылғы 19 ақпандағы
№ 95 қаулысымен бекiтiлген

Отырар ауданы бойынша 2013 жылға арналған субсидияланатын басым ауылшаруашылық дақылдарының түрлерi бойынша егiстiктiң оңтайлы себу мерзiмдерi

Дақылдар түрi

Оңтайлы мерзiмдерi

Ескерту

басталуы

аяқталуы

1

Көкөнiс

20.03.2013 жыл

15.05.2013 жыл

Суармалы жер

2

Мақта

25.04.2013 жыл

25.05.2013 жыл

Жылдың қалыптасқан ауа райының климаттық жағдайын ескере отырып

3

Дәндік жүгерi

15.04.2013 жыл

01.06.2013 жыл

Жылдың қалыптасқан ауа райының климаттық жағдайын ескере отырып

4

Жоңышқа

15.03.2013 жыл

15.04.2013 жыл

Суармалы жер

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады