Сайрам аудандық мәслихатының 2012 жылғы 29 маусымдағы № 6-47/V "Сайрам ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық мәслихатының 2013 жылғы 31 қаңтардағы № 15-95/V шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 5 наурызда № 2247 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық мәслихатының 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 26-170/V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық мәслихатының 20.12.2013 № 26-170/V шешімімен.

      «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекiтiлген Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiне сәйкес, Сайрам аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. «Сайрам ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін бекіту туралы» Сайрам аудандық мәслихатының 2012 жылғы 29 маусымдағы № 6-47/V (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-10-192 нөмірмен тіркелген, «Мәртөбе» газетінің 2012 жылғы 10 тамыздағы 31 нөмірінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген Сайрам ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінде:
      2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      «2. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен Сайрам ауданында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
      1) жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;
      2) тұрғын үйдiң меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтердi және телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттiк төлемақының өсуi бөлiгiнде байланыс қызметтерiн тұтынуына;
      3) жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу төлемақысын төлеуге;
      4) жекешелендiрiлген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құнын төлеуге берiледi.
      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.»;
      3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      «3. Тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызметтерді пайдалануға, тұрғын үйді жалға алу ақысын төлеуге сонымен қоса, жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге, телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне ақы төлеу отбасының (адамның) жиынтық табысының 10 пайызы мөлшерiнде белгіленеді.»;
      9-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      «9. Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға, жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі шаралар қолданатын, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған, шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.»;
      10-тармақ мына мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
      «9) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларында (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі шаралар қолданатын түбіртек-шот.»;
      18-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      «18. Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерін айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу, сондай-ақ жекешелендірілген тұрғын үй-жайларында (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдік сыныбы 2,5 электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің орнына орнатылатын тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.»;
      мынадай мазмұндағы 5-тараумен толықтырылсын:
      «5. Тұрғын үй көмегін көрсету нормативтерін анықтау
      20. Уәкілетті органмен тұрғын үй көмегін тағайындауында келесі нормалар есепке алынады:
      1) өтемақылық шаралармен қамтамасыз етілген тұрғын үй ауданының нормасы бір адамға, тұрғын үй заңнамасымен белгіленген, тұрғын үй беру нормасына баламалы және көп бөлмелі пәтерлерде (тұрғын үй-жайларда) тұратын әр мүшесіне 18 шаршы метрді құрайды, бір бөлмелі пәтерде (тұрғын үй-жайда) тұратындар үшін – пәтердің жалпы көлемі. Көп бөлмелі пәтерлерде (тұрғын үй-жайларда) жалғыз тұратын азаматтар үшін әлеуметтік норма 30 шаршы метрді құрайды;
      2) электрқуатты, суық суды, кәрізді, ыстық суды, қоқысты әкету, газды және жылуды тұтыну нормаларын қызмет көрсетушімен немесе тарифті белгілейтін органмен бекітіледі. Коммуналдық қызметтерді тұтынудың шығындары, коммуналдық қызметті тұтынудың белгіленген нормативтерінен артық емес, алдыңғы тоқсанға нақты шығындары бойынша есептеуге алынады;
      3) қызмет көрсетушілердің шоттарын ұсынуы бойынша (түбіртектер, жапсырма, есеп-фактурасы) қатты отынды пайдалану нақты шығындарына, көп қабатты пәтерлерде, жеке тұрғын үй-жайларда тұратын отбасылар үшін айына 1 тонна. Тұрғын үй көмегін есептегенде, статистика органдары мәліметтері бойынша Сайрам ауданында қалыптасқан көмір бағасы қолданылады;
      4) қызмет көрсетушілердің шоттарын ұсынуы бойынша (түбіртектер, анықтамалар) нақты шығындарына бір отбасыға (отбасы 4 адам және одан көп) газ баллонды пайдалану бір айға 20 килограмм, оның ішінде бір адамға баллон газын тұтыну 5 килограмнан артық емес, орталықтандырылған ыстық судың бар немесе жоқ болуына қарамастан белгіленеді.»
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сайрам аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       Е.Беркінбаев

      Сайрам аудандық мәслихаттың хатшысы        К.Орашов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады