Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Абай ауылы әкімінің 01.10.2013 № 45 шешімімен.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңдарына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министірлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Оңтүстік Қазақстан аумақтық инспекциясының Сарыағаш аудандық аумақтық инспекциясы бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2013 жылғы 24 мамырдағы № 02-17/143 ұсынысы негізінде және жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. Абай ауылы «Шығыс» мөлтек ауданында қаңғыбас ит құтыру ауруымен ауруына байланысты Абсаттар қажы, Жамбыл көшелеріне және Рысқұлов көшесінің 1 өткеліне шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимі белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Абай ауылы әкімінің орынбасары М.Намазбаевқа жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
Абай ауылының әкімі Р.Қармысов