Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы әкімі аппаратының 28.01.2014 № 223 хатымен).
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2-тармағына және «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Созақ ауданы бойынша 2013 жылға арналған субсидияланатын басым ауыл шаруашылық дақылдарының түрлері бойынша егістіктің оңтайлы себу мерзімдері қосымшаға сәйкес айқындалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Еспенбетовке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2013 жылдың 1 сәуірінен туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Аудан әкімі А.Аймұрзаев
Созақ аудан әкімдігінің
«4» маусым 2013 жылғы
№ 158 қаулысына қосымша
2013 жылға арналған субсидияланатын басым ауыл шаруашылық дақылдарының түрлері бойынша егістіктің оңтайлы себу мерзімдері
№ |
Дақыл түрі |
Егістіктің оңтайлы мерзімдері |
Ескертпе |
|
басталуы |
аяқталуы |
|||
1 |
Майлы дақылдар |
02.04.2013 ж |
30.04.2013 ж |
Егістік және суармалы жерлер |
2 |
Жоңышқа |
10.04.2013 ж |
15.05.2013 ж |
Егістік және суармалы жерлер |
3 |
Жүгері |
20.04.2013 ж |
25.05.2013 ж |
Суармалы жерлер |
4 |
Көкөніс және бақша өнімдері |
15.05.2013 ж |
01.06.2013 ж |
Суармалы жерлер |
5 |
Картоп |
01.05.2013 ж |
30.05.2013 ж |
Суармалы жерлер |