"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 23 қаңтардағы 2001 жылғы Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабы 1-тармағының 14-3) тармақшасына және "Халықты жұмыспен қамту туралы" 23 қаңтардағы 2001 жылғы Заңының 7-бабы 5-5) және 5-6) тармақшаларына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде квота белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын қадағалау аудан әкімінің орынбасары С.Еденбаеваға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А.Аймұрзаев |