Созақ аудандық мәслихатының 2012 жылғы 27 маусымдағы № 37 "Созақ ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ аудандық мәслихатының 2013 жылғы 23 желтоқсандағы № 133 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының әділет департаментімен 2013 жылғы 30 желтоқсанда № 2472 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Созақ аудандық мәслихатының 2017 жылғы 30 маусымдағы № 90 шешiмiмен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Созақ аудандық мәслихатының 30.06.2017 № 90 шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 2-бабының 7) тармақшасына сәйкес, Созақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Созақ аудандық мәслихатының 2012 жылғы 27 маусымдағы № 37 "Созақ ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-12-143 нөмірімен тіркелген, 2012 жылғы 25 шілдеде "Созақ үні" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Созақ ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінде:

      2 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "2. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен осы елді мекенде тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):

      1) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй - жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар ( қосымша жалдаушылар ) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;

      2) тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абонеттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;

      3) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге беріледі.

      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.";

      3 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "3. Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерін айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу, жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.";

      5 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "5. Тұрғын үй көмегiн тағайындау үшiн отбасы (азамат) тұрғын үй көмегiн тағайындауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органға өтiнiш бередi және мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) өтiнiш берушiнiң жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;

      2) тұрғын үйге құқық беретiн құжаттың көшiрмесi;

      3) азаматтарды тiркеу кiтабының көшiрмесi;

      4) отбасының (азаматтың) табысын растайтын құжаттар;

      5) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;

      6) коммуналдық қызметтердi тұтыну шоттары;

      7) телекоммуникация қызметтерi үшiн түбiртек-шот немесе байланыс қызметтерiн көрсетуге арналған шарттың көшiрмесi;

      8) жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.";

      16 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "16. Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған, шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.";

      17 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "17. Коммуналдық қызметтерді тұтынғаны және тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп ұстауға ақы төлеуге, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы органдар жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысына және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік ақының ұлғаюы бөлігіндегі байланыс қызметіне шекті жол берілетін шығыстар үлесі отбасының (адамның) жиынтық кірісінің 10 пайызы мөлшерінде белгіленеді.".

      2. Осы шешiм 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгiзiледі.

      Созақ аудандық мәслихатының
      кезекті XХІІІ сессиясының төрағасы Е.Тұрабаев
      Созақ аудандық
      мәслихатының хатшысы М.Исаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады