Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны өтеуге сотталғандарға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 20 ақпандағы № 157 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 15 наурызда № 2251 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 10 ақпандағы № 76 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы әкімдігінің 10.02.2015 № 76 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шiлдедегi Қылмыстық кодексiнiң 42 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қылмыстық-атқару кодексiнiң 30 бабының 1 тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына сәйкес Төлеби ауданы әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiнде жазаны өтеуге сотталғандарға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлерi елдi мекендер аумақтарын көрiктендiру және тазалау болып белгіленсін.
      2. «Төлеби көпсалалы коммуналдық шаруашылық кәсіпорны» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны қоғамдық жұмысқа тарту түрінде жазаны өтеу мекемесі болып белгіленсін.
      3. Қала, ауылдық округ әкімдері Төлеби аудандық қылмыстық-атқару инспекциясының келiсiмiмен қоғамдық жұмысқа тарту түрiнде жазаны өтеуге арналған объектiлердiң тiзiмдерiн соттарға тоқсан сайын ұсынсын.
      4. Осы қаулының орындалуын қадағалау аудан әкiмiнiң орынбасары Б.Бейсебаеваға жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Аудан әкімі:                               Ә.Тұрғымбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады