Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы Қаратөбе ауылдық округі әкімінің 02.07.2013 № 12 шешімімен.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңдарына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Оңтүстік Қазақстан аумақтық инспекциясының Төлеби аудандық аумақтық инспекциясы бас мемлекеттік ветеринариялық–санитариялық инспекторының 2013 жылғы 27 ақпандағы № 01-13/65 ұсынысы негізінде және жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында ШЕШЕМІН:
1. Қаратөбе ауылдық округіне қарасты Балдыберек елді мекенінде қаңғыбас иттің құтыру ауруы пайда болуына байланысты Ә.Тұрдалиев көшесінен Даңғарашал көшесіне дейін шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимі белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қаратөбе ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы Е.Әшірбаевқа жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
Ауыл әкімі Ж.Жолдасбеков