Шығыс Қазақстан облысы Өскемен және Риддер қалаларының, Зырян, Бородулиха, Көкпекті және Ұлан аудандарының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңартылған

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 15 сәуірдегі N 90 қаулысы, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 17 сәуірдегі N 11/126-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 30 сәуірде N 2939 болып тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, 27-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 38 және 11-баптарына сәйкес, «Өскемен қаласының Меновной ауылдық округін тарату жөніндегі ұсыныс енгізу туралы» Өскемен қалалық мәслихатының 2013 жылғы 29 наурыздағы № 16/4-V шешімі және Өскемен қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 18 наурыздағы № 5942 қаулысы, «Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы» Риддер қалалық мәслихатының 2013 жылғы 11 сәуірдегі № 14/3-V шешімі және Риддер қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 11 сәуірдегі № 274 қаулысы, «Зырян ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу бойынша ұсыныс туралы» Зырян аудандық мәслихатының 2013 жылғы 18 наурыздағы № 15/2-V шешімі және Зырян ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 18 наурыздағы № 1766 қаулысы, «Бородулиха ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгертулер енгізу бойынша ұсыныс туралы» Бородулиха аудандық мәслихатының 2013 жылғы 27 наурыздағы № 13-6-V шешімі және Бородулиха ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 27 наурыздағы № 641 қаулысы, «Көкпекті ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысын өзгертуге ұсыныс енгізу туралы» Көкпекті аудандық мәслихатының 2013 жылғы 20 наурыздағы № 12-2 шешімі және Көкпекті ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 20 наурыздағы № 84 қаулысы, «Ұлан ауданының әкімшілік-аумақтық құрылымына өзгеріс енгізу бойынша ұсыныс жасау туралы» Ұлан аудандық мәслихатының 2013 жылғы 29 наурыздағы № 105 шешімі және Ұлан ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 28 наурыздағы № 673 қаулысы негізінде Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ және Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шығыс Қазақстан облысы Өскемен және Риддер қалаларының, Зырян, Бородулиха, Көкпекті және Ұлан аудандарының әкімшілік-аумақтық құрылысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) есепті деректерден шығарылып, таратылсын:
      Өскемен қаласының Меновное ауылдық округі;
      Риддер қаласының Пригородный ауылдық округі мен Ульба кент округі;
      Зырян ауданының Березовка ауылдық округі;
      Бородулиха ауданының Уба-Форпост ауылдық округі;
      Көкпекті ауданының Қарағандыкөл ауылдық округі;
      Ұлан ауданының Гагарин ауылдық округі;
      2) аумақтары қосылсын:
      Зырян ауданы Маяк және Подорленок ауылдары Соловьев ауылдық округінің құрамына, Ландман ауылы Малеевск ауылдық округінің құрамына және Восточное ауылы Чапаев ауылдық округінің құрамына;
      Уба-Форпост және Девятка ауылдары Бородулиха ауданы Краснояр ауылдық округінің құрамына;
      Көкпекті ауданы Мамай ауылы Үлгілімалшы ауылдық округінің құрамына, Қарағандыкөл ауылы Көкжайық ауылдық округінің құрамына;
      Гагарин ауылы Ұлан ауданы Таврия ауылдық округінің құрамына;
      3) мыналар:
      Ново-Троицкое, Самсоновка, Меновное, Ахмирово, Ново-Ахмирово, Ново-Явленка, Прудхоз ауылдары Өскемен қаласы;
      Пригородное, Верхняя Хариузовка, Бутаково, Поперечное, Коноваловка, Ливино ауылдары, Лениногорский лесхоз, «Лениногорский» Демалыс үйі, Ульбастрой станция-кенті, Ульба кенті елді мекендері Риддер қаласы;
      Березовка ауылы Зырян ауданы Зырян қаласы;
      Белогор кенті Ұлан ауданы Асубұлақ кентінің әкімшілік және аумақтық бағыныштылығына берілсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 26.03.2014 № 69 қаулысымен және Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 11.04.2014 № 19/235-V шешімімен (шешім және қаулы алғашқы рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Осы шешім және қаулы алғашқы рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Сессия төрағасы     О. Чернышов

    Облыс әкімі    Б. Сапарбаев


Облыстық мәслихат
хатшысы             Г. Пинчук


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады