"Шығыс Қазақстан облысы Өскемен және Риддер қалаларының, Зырян, Бородулиха, Көкпекті және Ұлан аудандарының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 17 сәуірдегі № 11/126-V шешіміне және Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 90 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 26 наурыздағы N 69 қаулысы, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2014 жылғы 11 сәуірдегі N 19/235-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 13 мамырда N 3315 болып тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекетік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, 27-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 38 және 11-баптарына сәйкес, «Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы» мәслихаттың 2013 жылғы 11 сәуірдегі № 14/3-V шешіміне және әкімдіктің 2013 жылғы 11 сәуірдегі № 274 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Риддер қалалық мәслихатының 2013 жылғы 19 маусымдағы № 16/5-V шешімі және Риддер қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 19 маусымдағы № 459 қаулысы негізінде Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ және Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Шығыс Қазақстан облысы Өскемен және Риддер қалаларының, Зырян, Бородулиха, Көкпекті және Ұлан аудандарының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 17 сәуірдегі № 11/126-V шешіміне және Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 90 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде тiркелген № 2939, 2013 жылғы 8 мамырдағы № 54 (16835) «Дидар», 2013 жылғы 7 мамырдағы № 53 (19346) «Рудный Алтай» газеттерiнде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      1-тармақтың 3) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Пригородное, Верхняя Хариузовка, Бутаково, Поперечное, Коноваловка, Ливино ауылдары, Лениногорский лесхоз, «Лениногорский» Демалыс үйі, Ульбастрой станция-кенті, Ульба кенті елді мекендері Риддер қаласы;».
      2. Осы шешім және қаулы алғашқы рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

Сессия                 Н. Түсіпова
төрағасы             

Облыс әкімі         Б. Сапарбаев

Облыстық
мәслихат хатшысы       Г. Пинчук


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады