Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 10.10.2018 № 23/268-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 182-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 34-1 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Азаматтардың кейбір санаттарына төленетін әлеуметтік көмектің мөлшері туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 16 қазандағы № 15/209-IV шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 2515, 2009 жылғы 17 қарашадағы № 199-200, 2009 жылғы 19 қарашадағы № 201-202 "Дидар", 2009 жылғы 18 қарашадағы № 183 "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Азаматтардың мынадай санаттарына коммуналдық қызметтерге және отынға арналған шығыстарды 8600 (сегіз мың алты жүз) теңге көлемінде өтеу белгіленсін:
денсаулық сақтау мемлекеттік секторы ұйымдарының ауылдық жерлерде және қала үлгісіндегі кенттерде жұмыс істейтін медицина және фармацевтика қызметкерлеріне;
ауылдық жерлерде жұмыс істейтін ветеринария мамандарына, оның ішінде ветеринариялық пункттердің мамандарына.".
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | О. Чернышов |
Шығыс Қазақстан облыстық | |
мәслихатының хатшысы | Г. Пинчук |