Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, 27-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес, "Семияр ауылдық округінің, Семияр ауылының және Ново-Николаевка ауылының атауларын қайта атау туралы" Бесқарағай аудандық мәслихатының 2012 жылғы 20 қарашадағы № 8/6-V шешімі және Бесқарағай аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 20 қарашадағы № 466 қаулысы, "Казнаковка селолық округінің және Казнаковка ауылының атауларын қайта атау туралы" Көкпекті аудандық мәслихатының 2011 жылғы 21 маусымдағы № 31-5/12 шешімі және Көкпекті аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 21 маусымдағы № 1118 қаулысы, "Мариногорка селолық округінің және Мариногорка, Московка, Малороссийка ауылдарының атауларын қайта атау туралы" Көкпекті аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 12 шілдедегі № 5-3/3) шешімі және Көкпекті аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 9 шілдедегі № 235 қаулысы, "Катонқарағай ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы" Катонқарағай аудандық мәслихатының 2012 жылғы 14 қыркүйектегі № 6/48-V шешімі және Катонқарағай аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 13 қыркүйектегі № 1068 қаулысы негізінде және облыстық ономастика комиссиясының 2011 жылғы 30 қарашадағы № 3, 2012 жылғы 17 қазандағы № 3, 2012 жылғы 27 желтоқсандағы № 4, 2013 жылғы 15 наурыздағы № 1 қорытындыларын ескере отырып Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ және Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай, Көкпекті және Катонқарағай аудандарының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктері:
Бесқарағай ауданы бойынша:
Семияр ауылдық округі Жетіжар ауылдық округі;
Семияр ауылы Жетіжар ауылы;
Ново-Николаевка ауылы Қарағайлы ауылы;
Көкпекті ауданы бойынша:
Казнаковка ауылдық округі Құлынжон ауылдық округі;
Казнаковка ауылы Құлынжон ауылы;
Малороссийка ауылы Жұмба ауылы;
Московка ауылы Мойылды ауылы;
Катонқарағай ауданы бойынша:
Новоберезовка ауылдық округі Алтынбел ауылдық округі;
Новоберезовка ауылы Алтынбел ауылы;
Огнево ауылы Қаражал ауылы;
Юбилейное ауылы Көкбастау ауылы;
Яры ауылы Егінді ауылы болып қайта аталсын.
2. Осы шешім мен қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | | Н. Сыдыков | | Облыс әкімінің міндетін атқарушы | | Н. Сақтағанов |
Облыстық мәслихат | | | | | | |
хатшысы | | Г. Пинчук | | | | |