"Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік орман қорының учаскелеріндегі орманды пайдалануға арналған төлемақы ставкалары туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 17/226-ІV шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 11 желтоқсандағы N 17/202-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 24 желтоқсанда N 3133 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 12 сәуірдегі № 19/228-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 12.04.2018 № 19/228-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 5-тармағына сәйкес, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1."Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік орман қорының учаскелеріндегі орманды пайдалануға арналған төлемақы ставкалары туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 17/226-ІV шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 2522, 2010 жылғы 1 ақпандағы № 16 "Дидар", 2010 жылғы 2 ақпандағы № 16 "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 14, 88 және 105-баптарына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексінің 506, 510-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 5-тармағына, "Мемлекеттік орман қоры аумағында орманды жанама пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 қарашадағы № 1268 қаулысына, "Мемлекеттік орман қорында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орман пайдалану үшін төлем ставкаларын есептеуге арналған ережелер мен әдістемелік нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2009 жылғы 12 маусымдағы № 344, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 5719 бұйрығына сәйкес, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:".

      2. "Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік орман қорының учаскелеріндегі орманды пайдалануға арналған төлемақы ставкалары туралы" 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 17/226-ІV шешімге өзгеріс енгізу туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 9 қазандағы № 14/177-V шешімінің күші жойылсын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы

С. Солдатов

Шығыс Қазақстан облыстық


мәслихатының хатшысы

Г. Пинчук


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады