Өскемен қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2013 жылғы 16 шілдедегі N 20/2-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 16 тамызда № 3032 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 64/8-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 31.12.2020 № 64/8-VI шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі).
       РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1-бабының 1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 145 бұйрығымен бекітілген Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларына сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 13.08.2015 № 41/4-V шешімімен (алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Өскемен қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталудың қоса беріліп отырған нормалары бекітілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы

Д. Свищев

Қалалық мәслихат хатшысы

А. Абакумов

  Өскемен қалалық мәслихатының
2013 жылғы 16 шілдедегі
№ 20/2-V
шешімімен бекітілген

Өскемен қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормалары

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 13.08.2015 № 41/4-V шешімімен (алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер

Есептеу бірлігі

1 есептеу бірлігіне жылдық жиналу нормасы, м3

1.

Жайлы
жайлы емес үйлер

1 тұрғын
1 тұрғын

1,98
2,53

2.

Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар

1 орын

1,30

3.

Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері

1 орын

1,50

4.

Балабақшалар, бөбекжайлар

1 орын

0,78

5.

Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері

1 қызметкер

0,86

6.

Емханалар

1 адам

0,005

7.

Ауруханалар, санаторийлер, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері

1 төсек-орын

1,58

8.

Мектептер және өзге де оқу орындары

1 оқушы

0,16

9.

Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері

1 орын

2,20

10.

Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы

1 орын

0,32

11.

Мұражайлар, көрмелер

жалпы алаңы
1 м2

0,13

12.

Стадиондар, спорт алаңдары

жоба бойынша
1 орын

0,10

13.

Спорт, би және ойын залдары

жалпы алаңы
1 м2

0,22

14.

Азық-түлік дүкендері

сауда алаңы
1 м2

0,89

15.

Машиналардан сату

сауда орны 1м2

6,23

16.

Өнеркәсіптік дүкендер, супермаркеттер

сауда алаңы
1 м2

0,47

17.

Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер

сауда алаңы
1 м2

0,51

18.

Азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары

жалпы алаңы
1 м2

0,28

19.

Өнеркәсіптік тауарлардың көтерме базалары, қоймалары

жалпы алаңы
1 м2

0,28

20.

Тұрмыстық қызмет корсету үйі: халыққа қызмет көрсету

жалпы алаңы
1 м2

-

21.

Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар

жалпы алаңы
1 м2

0,92

22.

Жағажайлар

жалпы алаңы
1 м2

7,55

23.

Дәріханалар

сауда алаңы
1 м2

0,44

24.

Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары , АЖС, гараждар

1 машина-орын

3,40

25.

Автомобиль шеберханалары

1 жұмысшы

2,91

26.

Гараж кооперативтері

1 гаражға

0,20

27.

Шаштараздар, косметикалық салондар

1 жұмыс орны

1,54

28.

Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі

жалпы алаңы
1 м2

0,62

29.

Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары

жалпы алаңы
1 м2

1,10

30.

Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар.)

1 жұмыс орны

1,50

31.

Моншалар, сауналар

жалпы алаңы
1 м2

1,01

32.

Қаланың аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды ұйымдар

1000 қатысушы

0,80

33.

Бау-бақша кооперативтері

1 учаске

3,96


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады