"Өскемен қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" Өскемен қалалық мәслихатының 2013 жылғы 16 шілдедегі № 20/2-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2015 жылғы 13 тамыздағы N 41/4-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 15 қыркүйекте № 4144 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 64/8-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 31.12.2020 № 64/8-VI шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі).
       РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1-бабының 1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 145 бұйрығымен бекітілген Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларына сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. "Өскемен қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" Өскемен қалалық мәслихатының 2013 жылғы 16 шілдедегі № 20/2-V (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3032 нөмірімен тіркелген, 2013 жылғы 19 тамызда № 34 "Өскемен" және № 34 "Усть-Каменогорск" газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
       кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1-бабының 1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 145 бұйрығымен бекітілген Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларына сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:";
       қосымша осы шешімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы –
      қалалық мәслихаттың хатшысы А. Абакумов

  Өскемен қалалық мәслихатының
2015 жылғы 13 тамыздағы
№ 41/4-V шешіміне
қосымша
  Өскемен қалалық мәслихатының
2013 жылғы 16 шілдедегі
№ 20/2-V шешімімен бекітілген

Өскемен қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормалары

Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер

Есептеу бірлігі

1 есептеу бірлігіне жылдық жиналу нормасы, м3

1.

Жайлы жайлы емес үйлер

1 тұрғын
1 тұрғын

1,98
2,53

2.

Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар

1 орын

1,30

3.

Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері

1 орын

1,50

4.

Балабақшалар, бөбекжайлар

1 орын

0,78

5.

Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері

1 қызметкер

0,86

6.

Емханалар

1 адам

0,005

7.

Ауруханалар, санаторийлер, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері

1 төсек-орын

1,58

8.

Мектептер және өзге де оқу орындары

1 оқушы

0,16

9.

Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері

1 орын

2,20

10

Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы

1 орын

0,32

11

Мұражайлар, көрмелер

жалпы алаңы 1 м2

0,13

12

Стадиондар, спорт алаңдары

жоба бойынша 1 орын

0,10

13

Спорт, би және ойын залдары

жалпы алаңы 1 м2

0,22

14

Азық-түлік дүкендері

сауда алаңы 1 м2

0,89

15

Машиналардан сату

сауда орны 1м2

6,23

16

Өнеркәсіптік дүкендер, супермаркеттер

сауда алаңы 1 м2

0,47

17

Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер

сауда алаңы 1 м2

0,51

18

Азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары

жалпы алаңы 1 м2

0,28

19

Өнеркәсіптік тауарлардың көтерме базалары, қоймалары

жалпы алаңы 1 м2

0,28

20

Тұрмыстық қызмет корсету үйі: халыққа қызмет көрсету

жалпы алаңы 1 м2

-

21

Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар

жалпы алаңы 1 м2

0,92

22

Жағажайлар

жалпы алаңы 1 м2

7,55

23

Дәріханалар

сауда алаңы 1 м2

0,44

24

Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары , АЖС, гараждар

1 машина-орын

3,40

25

Автомобиль шеберханалары

1 жұмысшы

2,91

26

Гараж кооперативтері

1 гаражға

0,20

27

Шаштараздар, косметикалық салондар

1 жұмыс орны

1,54

28

Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі

жалпы алаңы 1 м2

0,62

29

Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары

жалпы алаңы 1 м2

1,10

30

Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар.)

1 жұмыс орны

1,50

31

Моншалар, сауналар

жалпы алаңы 1 м2

1,01

32

Қаланың аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды ұйымдар

1000 қатысушы

0,80

33

Бау-бақша кооперативтері

1 учаске

3,96


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады