Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әкімдігінің 04.12.2014 № 487 қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5) тармақшасына, 20 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген Қоғамдық жұмысты ұйымдастыру және қаржыландыру ережесінің 6, 7, 8 тармақтарына сәйкес, жұмысқа орналасуда қиындықтар көретін халықтың түрлі топтарына мемлекеттік кепілдіктер көрсету және қолдау көрсету жүйесін кеңейту мақсатында, Курчатов қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақылы қоғамдық жұмыстардың еңбек ақысын төлеу мөлшерлері мен қаржыландыру көздері, нақты жағдайлары, көлемі, түрлері, 2014 жылға ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін жұмыс орындарын беруші ұйымдардың тізімі бекітілсін (1 қосымша).
2. Курчатов қаласының аумағында тұратын, халықтың нысаналы топтары белгіленсін (2 қосымша).
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары Е. Старенковаға жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Курчатов қаласының әкімі |
Д. ГАРИКОВ |
Курчатов қаласы әкімдігінің |
Ақылы қоғамдық жұмыстардың еңбек ақысын төлеу мөлшерлері мен қаржыландыру
көздері, нақты жағдайлары, көлемі, түрлері, 2014 жылға ақылы қоғамдық жұмыстарды
ұйымдастыру үшін жұмыс орындарын беруші ұйымдардың тізімі
№ |
Жұмыс берушінің атауы |
Қоғамдық жұмыстардың |
Орындалатын жұмыстардың көлемі |
Қоғамдық жұмыстарға сұраныс, адам |
Қоғамдық жұмыстарға ұсыныс, адам |
Қаржыландыру көздері мен еңбекке ақы төлеу мөлшерлері |
|
бюджет |
Жұмыс беруші |
||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
1 |
«Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі |
Мұрағаттық және ағымдағы құжаттармен жұмыста көмек, корреспонденцияларды жеткізу; |
25-30 құжат он күн сайын |
10 |
10 |
Жергілікті бюджет |
- |
2 |
«Курчатов қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ведомстволарына қарасты мемлекеттік мекемелер: |
Жөндеу жұмыстары (жұмысшының алдын ала кәсіптік дайындығын талап етпейтін), аумақты тазалау; |
10 тонна қалдық |
10 |
10 |
Жергілікті бюджет |
|
3 |
«Курчатов қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Мұрағаттық және ағымдағы құжаттармен, картотекамен жұмыста көмек, корреспонденцияларды жеткізу; |
500 құжат он күн сайын |
5 |
5 |
Жергілікті бюджет |
|
4 |
«Курчатов қаласының маслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі |
Жөндеу жұмыстары (жұмысшының алдын ала кәсіптік дайындығын талап етпейтін) |
25-50 шаршы метр |
3 |
3 |
Жергілікті бюджет |
|
5 |
«Курчатов қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кісі тасу көліктері және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Мұрағаттық жұмыстарды түгендеуде көмек; |
20-25 құжат он күн сайын |
20 |
20 |
Жергілікті бюджет |
|
6 |
«Курчатов қаласының ауыл шаруашылық, ветеринария және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Мұрағаттық және ағымдағы құжаттармен жұмыста көмек, корреспонденцияларды жеткізу; |
15-20 құжат он күн сайын |
8 |
8 |
Жергілікті бюджет |
|
7 |
«Курчатов қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Мұрағаттық және ағымдағы құжаттармен жұмыста көмек, корреспонденцияларды жеткізу |
5-10 құжат он күн сайын |
2 |
2 |
Жергілікті бюджет |
|
8 |
Шығыс Қазақстан облысының Курчатов қалалық соты |
Мұрағаттық және ағымдағы құжаттармен жұмыста көмек, қадағалау өндірісін тігу, корреспонденцияларды жеткізу |
15-20 құжат он күн сайын |
4 |
4 |
Жергілікті бюджет |
|
9 |
Курчатов қаласының прокуратурасы |
Қадағалау өндірісін, материалдарды тігуде көмек көрсету, мұрағаттық құжаттар мен жұмыс. Қызметтік бөлмелерді тазалау жұмыстары |
15-20 құжат он күн сайын |
3 |
3 |
Жергілікті бюджет |
|
10 |
«Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің салық комитеті Шығыс Қазақстан облысы салық департаментінің Курчатов қаласы бойынша салық басқармасы» мемлекеттік мекемесі |
Салықтық хабарламаларды тіркеуге көмек көрсету, сақтау мерзімі бойынша жойылуға жататын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың салықтық істерін дайындау бойынша мұрағат жұмысында көмек көрсету, корреспонденцияларды жеткізу; |
20-25 құжат он күн сайын |
3 |
3 |
Жергілікті бюджет |
|
11 |
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік қазналық кәсіпорнының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының Курчатов қалалық бөлімшесі |
Материалдарды тігіуде көмек көрсету, мұрағаттық құжаттарымен жұмыс |
20-25 құжат он күн сайын |
3 |
3 |
Жергілікті бюджет |
|
12 |
«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Шығыс Қазақстан облысы әділет департаментінің Курчатов қаласының әділет басқармасы» мемлекеттік мекемесі |
Мұрағаттық және ағымдағы құжаттармен жұмыста көмек, корреспонденцияларды жеткізу; |
20-25 құжат он күн сайын |
3 |
3 |
Жергілікті бюджет |
|
13 |
«Шығыс Қазақстан облысының ішкі істер департаментінің Курчатов қаласының полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Мұрағаттық және ағымдағы құжаттармен, картотекамен жұмыста көмек, корреспонденцияны жеткізу; |
15-20 құжат он күн сайын |
6 |
6 |
Жергілікті бюджет |
|
14 |
ШҚО бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменті Курчатов қалалық қылмыстық-атқару инспекциясы |
Мұрағаттық және ағымдағы құжаттармен жұмыста көмек, корреспонденцияны жеткізу; |
5-10 құжат он күн сайын |
1 |
1 |
Жергілікті бюджет |
|
15 |
«Шығыс Қазақстан облысының статистика Департаменті Курчатов қаласының статистика баскармасы» |
Мұрағаттық және ағымдағы құжаттармен жұмыста көмек, корреспонденциялар жеткізу |
5-10 құжат он күн сайын |
3 |
3 |
Жергілікті бюджет |
|
16 |
«Қазақстан Республикасы Шығыс Қазақситан облысы Курчатов қаласының қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
Оқырмандарға қызмет көрсету бойынша жұмыстарға көмек; |
күніне 5 адам |
2 |
2 |
Жергілікті бюджет |
|
17 |
«Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының төтенше жағдайлар бойынша Департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі |
Мұрағаттық және ағымдағы құжаттармен жұмыста көмек, корреспонденцияларды жеткізу |
5-10 құжат он күн сайын |
3 |
3 |
Жергілікті бюджет |
|
18 |
«Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының қорғаныс бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Шақыру қағаздарын тарату, |
Күніне 5 шақыру қағазы |
3 |
3 |
Жергілікті бюджет |
|
19 |
Курчатов қаласы әкімдігінің «Балапан» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны |
Қала көшелері мен жолдарын ұстау бойынша жұмыстар (жұмысшының алдын ала кәсіптік дайындығын талап етпейтін); |
2 километр |
20 |
20 |
Жергілікті бюджет |
2,5 мың теңге |
20 |
Курчатов қаласы әкімдігінің «Курчатов қаласының көп салалы эксплуатациялық кәсіпорны» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны |
Аумақты абаттандыру бойынша жұмыс; |
жылына 10 іс-шаралар |
8 |
8 |
Жергілікті бюджет |
3,0 мың тенге |
21 |
«Курчатов қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
Мұрағаттық және ағымдағы құжаттармен жұмыста көмек, корреспонденцияларды жеткізу |
5-10 құжат он күн сайын |
2 |
2 |
Жергілікті бюджет |
|
22 |
«Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының қалалық мәдениет үйі» қазыналық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны |
Аумақты тазалау |
50-100 шаршы метр |
5 |
5 |
Жергілікті бюджет |
|
23 |
«Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының «Достық үйі» қазыналық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны |
Мәдени-шаралар қызметін ұйымдастыруға қатысу |
5-10 іс-шаралар жыл ішінде |
2 |
2 |
Жергілікті бюджет |
|
24 |
Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау Департаментінің «Курчатов қаласының қалалық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны |
Көгаландыру және абаттандыру; |
50 көшет маусым ішінде |
3 |
3 |
Жергілікті бюджет |
|
25 |
Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығының Республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Атомдық энергиясы институты» филиалы |
Аумақты көгаландыру және абаттандыру бойынша жұмыстар |
100-150 шаршы метр |
2 |
2 |
Жергілікті бюджет |
|
26 |
Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығының Республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Радиациялық қауіпсіздік және экологиялық институты» |
Аумақты көгаландыру және абаттандыру бойынша жұмыстар |
100-150 шаршы метр |
3 |
3 |
Жергілікті бюджет |
Ең аз еңбек ақысы |
27 |
«Қазақстан Республикасының сот актілерін орындау бойынша Комитеті Шығыс Қазақстан облысы Департаментінің сот актілерін орындау бойынша Курчатовтық аумақтық бөлімшесі» мемлекеттік мекемесі |
Мұрағаттық және ағымдағы құжаттармен жұмыста көмек, корреспонденцияларды жеткізу |
10-15 құжат он күн сайын |
3 |
3 |
Жергілікті бюджет |
|
Барлығы: |
140 |
140 |
Қоғамдық жұмыстардың нақты талаптары:
Жұмыс аптасының ұзақтығы 5 күнді құрайды, екі демалыс күні беріледі, сегіз сағаттық жұмыс күні, түскі үзіліс 1 сағат, еңбекақы төлеу, зейнетақы және әлеуметтік аударымдары, қолданылмаған еңбек демалысына өтемақы жүргізу еңбек шартының негiзiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледi, орындалатын жұмыстың санына, сапасына және күрделiлiгiне байланысты жұмыс уақытын есептеу табелінде көрсетілген дәлелді жұмыс істеген уақыты арқылы жұмыссыздың жеке шотына аудару жолымен жүзеге асырылады; еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық, арнайы киіммен, құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, уақытша жұмысқа жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақы төлеу, мертігу немесе басқа зақымдану салдарынан келтірілген зияндардың орнын толтыру Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жұмыс берушімен жүргізіледі. Жұмыскерлердің жеке санаттары (әйелдер және отбасылық міндеттері бар басқа тұлғалар, мүгедектер, он сегіз жасқа толмаған тұлғалар) үшін қоғамдық жұмыстардың талаптары тиісті санатқа еңбек талаптарының ерекшелігін ескере отырып белгіленеді және Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс берушінің және жұмыскердің арасында жасалған еңбек шарттарымен қарастырылады.
Курчатов қаласы әкімдігінің |
Курчатов қаласының аумағында тұратын, халықтың нысаналы топтарын белгілеу
1. Табысы аз адамдар;
2. Жиырма бip жасқа дейінгі жастар;
3. Балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
4. Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
5. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген т әртіппен асырауында тұрақты күтімдi, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
6. Зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
7. Мүгедектер;
8. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
9. Бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
10. Оралмандар;
11. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
12. Жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші-жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
13. Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар;
14. Өндірістің ұйымдастырылуының өзгеруіне байланысты, соның ішінде жұмыс көлемі қайта ұйымдастырылған және (немесе) қысқартылған кезде толық емес жұмыс тәртібінде жұмыспен қамтылған;
15. 50 жастан асқан әйелдер;
16. 55 жастан асқан ерлер;
17. Ұзақ уақыт жұмыс істемейтін адамдар (бір жылдан артық);
18. Есірткіге тәуелді және АҚТҚ инфекциясымен ауыратын адамдар.